Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жүйесі енгізіледі
    Жаңалықтар

    Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жүйесі енгізіледі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жүйесі енгізілуде, деп хабарлайды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.

    «Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жүйесі енгізіледі. Заң жобасы 31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында қабылданды.

    Қазіргі уақытта Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен бағалауды жүргізудің механизмдері сипатталатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыруды бақылау және нәтижелерін бағалау ережелері пысықталуда.

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау дегеніміз – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асырудан алынған нәтижелерді талдау. Ол жобаның тиімділігін анықтау, тұрғындардың қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

    Бағалау жоба аяқталғаннан соң мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру есептері мен бақылау нәтижелерінің негізінде өткізілетін болады. Жобалар өзектілік, жоспардың орындалуы, жобаның нәтижесі, қызметтің жалғасу мүмкіндігі, ұзақмерзімді оң әлеуметтік нәтиже мүмкіндігі және т.б. сияқты арнайы пысықталған критерийлер бойынша сарапшылар кеңесімен бағаланады.

    Аталған кеңестер әлеуметтік жобалар іске асырылатын бағыттар бойынша тәжірибесі, растайтын сертификаттары бар мамандар қатарынан қалыптасатын болады.

    Сонымен қоса, сарапшылар бағалауының қорытындысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау жобаларына қоғамдық талқылау өткізу және оның есебін мемлекеттік органның ресми сайтында жариялау жоспарлануда.

    Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жобаларды бағалау жүйесін дайындау кезінде халықаралық тәжирибе зерттелді деп хабарлайды. Осындай жүйе Ұлыбританияда, Канада мен Хорватияда қолданылады, оларда әлеуметтік жобаларды іске асыру кезіндегі міндетті шарты – тұрғындарға тигізетін әсері мен нәтижесі болып табылады.

    Қазіргі уақытта мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жүйесін енгізу үшін Министрлік «Азаматтық қоғамды дамыту ассоциациясы» ЗТБ бірлесіп, бекітілген меморандумның шеңберінде іс-шаралар кешенін ұйымдастырды.

    Сонымен, а.ж. 14-18 мамыры аралығында интерактивті түрде мемлекеттің барлық аймақтарының ҮЕҰ қатарынан маман-кеңесшілер пулын дайындау бойынша оқыту курсының бірінші кезеңі өткізілді. А.ж. маусымы мен қыркүйегі арасында даярланған маман-кеңесшілер аймақтарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылған ҮЕҰ жобаларына бағалау өткізеді.

    2018 жылғы қарашаға жоспарланған оқыту курсының екінші кезеңінде өткізілген жұмыстың нәтижелері мен әлеуметтік жобаларды бағалаудың механизмдерін ары қарай жетілдіру мәселелері қарастырылатын болады.

    Оқыту курсы аяқталғаннан кейін қатысушыларға Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік жобаларды бағалау жөніндегі кеңесші сертификаттары табысталады. Сертификатталған кеңесшілер бұдан кейін сарапшылар кеңестерінің мүшелеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау бойынша оқыту мастер-класстарын өткізеді.

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалаудың алдын ала нәтижелері бойынша есептік презентация а.ж. қарашада Астанада өтетін Қазақстанның VIII Азаматтық форумы барысында өткізіледі деп жоспарлануда.

    Сонымен қоса, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімділігін арттыру мақсатында Министрлік ҮЕҰ бірлесіп, ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдардың өкілдеріне оқыту семинарларын өткізуді жоспарлауда.

    Дереккөз: ҚазТАГ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.