Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОТЫРАР АУДАНЫНДА «1 МАУСЫМ -ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ» ТОЙЛАНДЫ
    Жаңалықтар

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «1 МАУСЫМ -ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ» ТОЙЛАНДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.06.2018Updated:02.06.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін «1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні» мейрамын бүкіл әлем атап өтіп жатыр. Өз кезегінде Отырар ауданы да мерейлі мерекені сән-салтанатымен тойлады.

    img-20180601-wa0134

    Бұл мейрамның негізгі мақсаты қоғамның назарын балаларға аудару. Балаларды қорғау күні әртүрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Бұл атаулы мейрамды атап өту  жөніндегі шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған. Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізіліпті. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Халықаралық балалар күні мерекесінің туы да бар. Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру болып табылады.

     

    img-20180601-wa0007

    img-20180601-wa0010

    img-20180601-wa0126

    Мерекелік шарада сөз алған аудан басшысы Ерлан Айтаханов «Келешек ұрпақтарды тәрбиелеу, балалардың болашағы  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауларында орын алып, әрқашан көтеріліп келеді. Ұлт Көшбасшысы өзінің Жолдауында «Балаларымыздың болашағы -мемлекеттің болашағы» деген сөзін айта келе,  баланың қуанғанынан артық әлемде бақыт жоқ екендігін жеткізді.
    Шара барысында жомарттық танытып, демеушілік көрсеткен  аудандық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым және зиялы қауым өкілдері бүлдіршіндерді төл мерекелерімен құттықтап, өздерінің шынайы лебіздерін білдірді.
    Аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы, аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов бастаған депутаттық корпус мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге заттай сыйлықтар үлестіріп, оларды шексіз қуанышқа бөледі.

    img-20180601-wa0128

    img-20180601-wa0129

    img-20180601-wa0018

    img-20180601-wa0014

    Балғындардың кіршіксіз көңілдеріне қуаныш сыйлаған шараның жалғасы концерттік бағдарламаға ұласып, «Ертегілер әлемі» атты койылым қойылды. Әрмен қарай  мерекелік дастархан жайылып, мереке иелеріне тәттілар таратылды. Іс-шараның соңында ауданның ел ағалары игі шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

    img-20180601-wa0131

     

    Жомарт БЕГІМБЕТ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.