Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Назарбаев қазақстандықтарды Әсет Исекешевтен үлгі алуға шақырды
    Жаңалықтар

    Назарбаев қазақстандықтарды Әсет Исекешевтен үлгі алуға шақырды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.06.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Астана әкімі Әсет Исекешев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Президентке елордада «Бес әлеуметтік бастама» аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

    Әсет Исекешев қыркүйектен бастап колледж студенттеріне арналған мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында жатақхана құрылысы бойынша пилотты жоба іске қосылатынын айтты.

    «11 мемлекеттік колледжге қолда бар салынған ғимараттардың алаңын пайдалантын боламыз. Біріншіден, бұл мәселені тез шешеді, яғни қаламызда колледж студенттері үшін жатақханадан 2 мың орын жетіспейді. 1 қыркүйектен олар жатақханада тұратын болады. Екіншіден, бұл жаңа жұмыс орындарын құруда кіші және орта бизнеске қолдау көрсетеді», — деді Астана қаласының әкімі.

    Сондай-ақ ол Астанада «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы айтты.

    «1 қыркүйекке дейін смарт-білім беру, смарт-медицина, Е-КСК, Биг-дата бойынша жұмыстар аяқталады. Бірыңғай геоақпараттық жүйе мен интеллектуалды транспорттық жүйе бойынша жұмыстарды 2019 жылға қарай бітіреміз деп отырмыз. Яғни, 2019 жылға дейін Астанада «ақылды қала» қаңқасы қалыптасады», — деді Исекешев.

    Исекешевтің баяндамасын тыңдаған Президент Астана қаласы әкімінің жұмысына баға берді.

    «Алға қойған жоспарларды қалай орындау керектігі туралы Астана лайықты үлгі көрсетіп отыр. Егер осының бәрі жүзеге асса, басқалар үшін бұл жақсы үлгі болмақ. Бүкіл Қазақстан сенен үлгі алады деп ойлаймын», — деді Президент Әсет Исекешевке.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.