«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Кітапхана бөлмесінде «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Түркістан гуманитарлық-техникалық колледж студенттері, қала тұрғындары және музей қызметкерлері қатысты.
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және есепке алу бөлімі ұйымдастырған шарада бөлім инспекторы А.Кәрім баяндама оқып арнайы әзірленген көрме желісімен таныстырды.
Көрмеге репрессия жылдарына арналған әдеби кітаптар, фотолар БАҚ-жарияланған мақалалар сондай-ақ қысқаметражды деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды. Атаулы көрмені тамашалағандар нәубетті жылдардың қасіреті жайлы ой қозғап, ондай күндердің қайта келмеуін, тәуелсіз мемлекетімізде тыныштық пен береке, бірліктің арта беруін атап өтті.