Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстік жұртшылығы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
    Жаңалықтар

    Оңтүстік жұртшылығы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.06.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Кеңес Одағы тұсында коммунистердің солақай саясаты салдарынан миллиондаған адам жазықсыз жапа шекті. Олардың ішінде қазақ елінің көрнекті ұлдары –Алаш арыстары да болған. Содан бері бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, халық әлі ата-баба қасіретін ұмытар емес. Шаһарымыздағы «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған қаралы жиын өтті.

    10

     

    4

    2

    31 мамыр — бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап-қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн.Жаппай қуғын-сүргін бұрынғы Кеңес Одағының бірде-бір халқын айналып өткен жоқ. Қазақстанға әр жылдары 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корей отбасылары, 507 мың Солтүстік Кавказ халқы жер аударылды. Бұл жылдары барлығы 1 млн. 500 мың ұлт өкілдері жер аударылған. Тұрмыс тауқыметіне қарамастан қазақ халқы еріксіз жер аударылған бауырластарымызды жылы қабылдап, соның нәтижесінде тоталитаризмнің қанды шеңгеліне бірлесе төтеп берді.

    1

    Ашаршылық тарихын зерттеуші кей мамандардың деректері бойынша, 1931-1933 жылдары қазақ даласында болған ашаршылық салдарынан екі миллионға дейін адам құрбан болған.Шарға жиналған жұрт әуелі «Ана мен бала» ескерткішіне гүл қойды. Қаралы жиын саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, бір минуттық үнсіздіктен басталды.

    5

     

    8

    9

    Жиында сөйлеген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қасіретті жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2500-дей адам халық жауы деп атылып, 7 мыңдай адам ұсталғанын айтты. «Соңғы деректердің табылуына байланысты бұл мәліметтер тағы да көбейіп жатыр» деді әкім. Сұрапыл заманда қатал саясаттың кесірі ұлт өкілдеріне де зиян  аз тимегені белгілі. Репрессия кезінде Одақ бойынша 3 млн. 777 мың адам сотталып, олардың 650 мыңға жуығы ату жазасына кесілген.

    7

    3

    Сол құрбандардың бірі – қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов. Шараға Алаш ардақтысының ұрпағы  Светлана Тыныбекова да куә болды. Ол өз сөзінде: «Ішімде қандай сезім бар екенін білмеймін? Өте қуанышты сезім. Осылай атамызды, әжемізді тірілтіп жатыр. Бір жағынан қуанышты болса, бір жағынан қайғылы. Неге осындай зобалаң болды екен…» деп өзінің мұң аралас қуанышын жеткізді. Сондай-ақ жиынға арнайы шақыртылған қонақтар тізімінде Алаш ардақтыларының бірі Қошке Кемеңгердің тікелей ұрпағы, Омбы өңірінің тумасы — Қайырбек Кемеңгер де болды. Мінберде сөз сөйлеген саяси қуғын-сүргін құрбанының тікелей ұрпағы 1988 жылға дейін «халық жауының тұқымы» деген қара таңба таңылып келсе де, атам «Кемеңгер» деген тегін сақтауға күш салды дейді ол. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады. Әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Біздің ендігі жердегі борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау.

    Жансая ЕЛЕМЕСОВА.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.