• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркияда Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

31.05.2018
0

Оңтүстік Қазақстан облысының өндірісі мен өнеркәсіп саласына шетел инвесторларын тарту мақсатында және өңірде өндірілетін өнімдерді сыртқы нарыққа шығару үшін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған оңтүстікқазақстандық делегация Түркия мемлекетінде жұмыс сапарымен болды.

Сапары барысында аймақ басшысы іскер топ мүшелерімен  бірге Түркия елінің Ыстамбұл қаласында болып, бірқатар өндіріс орындарын аралап, жетекші кәсіпорын басшыларымен кездесу өткізді.

Сонымен қатар облыс әкімі Ж.Түймебаев бастаған топ Түркия мемлекетінің бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен кездесті. Әңгіме барысында Жансейіт Қансейітұлы екі ел арасындағы бауырластық байланыстарды нығайтудағы еңбегін жоғары бағалайтынын айтты.

Бұдан бөлек, делегация  750 гектар аумақта орналасқан «Икителли» индустриалды аймағының жұмысымен  танысты. Аталған аймақта шағын және орта 30 мыңнан астам кәсіпорын сәтті жұмыс істеп келеді. Оларда 300 мыңдай жұмысшы еңбек етеді. «Икителли» Түркиядағы ең үлкен индустриалды аймақ. Инвестициялық мүмкіндіктері мен өндірістік, экспорттық әлеуетімен және жұмыспен қамтуымен бұл аймақ экономиканың дамуына үлес қосып келеді. Бұл аймақ заманауи кешендегі өндіріс және сауда қалашығы болып табылады.

Бауырлас екі елдің іскер топ өкілдері мен сарапшы мамандары бас қосқан жиында қос елдің сауда-экономикалық әлеуетін арттыру мәселелері кеңінен талқыланып, екі жақ өзара тәжірибе алмасып, әріптестік байланыстарын нығайтуға уағдаласты.

Басқосуда облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалы мен инвестициялық мүмкіндіктерін кеңінен таныстырған Жансейіт Түймебаев бүгінгі таңда Оңтүстік жерінде индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында 1 арнайы экономикалық және  11 индустриалды аймақ жұмыс істеп жатқанын мәлім етті.

«Бізде индустриалды аймақ өңірдегі барлық ауданда құрылған. Онда шетелдік инвесторлар үшін барлық жағдай қарастырылған. Біз үшін өндіріс саласында Түріктің озық технологиясы мен мамандардың біліктілігін арттыру бағытындағы іс-тәжірибесі аса маңызды»,-деді облыс әкімі.

Өз кезегінде түркиялық кәсіпкерлер Қазақстанның жүргізіп отырған инвестициялық саясатын оң бағалап, екіжақты қарым-қатынасты арттыру қажеттігіне назар аударды.

— Біздің өндірістік аймақта орын тепкен бірқатар кәсіпорын басшыларымен бірігіп, алдағы шілде айында Қазақстанға жұмыс сапармен баруды жоспарлап отырмыз. Оның аясында қазақстандық кәсіпкерлермен кездесіп, өзара іскерлік байланыстарды тереңдетпекпіз. Түркия мен Қазақстанның сауда-экономикалық әлеуеті өте зор. Бұл мүмкіндіктерді қос елдің іскер топ өкілдері тиімді пайдалануы тиіс деп есептеймін,-дейді Түркиядағы «Эскоп» өндірістік аймағының төрағасы Юсуф Ақгюн.

Түркия Қазақстанның саяси және экономикалық тұрғыдағы ең жақын және сенімді серіктесіне айналғанын айтқан «Бас текстиль» ЖШС директоры Талғат Ысқақов тоқыма өнеркәсібі жолға қойылған Түркия елінен үйренеріміз көп екенін және осы сапардың жемісті боларына сенім білдірді.

Жалпы Оңтүсік Қазақстан – инвесторлар үшін тартымды өңір. Мәселен мұнда еліміз бойынша жалғыз «Қазақ-түрік» индустриалды аймағы жұмыс істейді. Бүгінде аталған аймақта бауырлас елмен бірлескен құны 25 млрд теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 900 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Аталған жобалар кезең-кезеңімен 2020 жылға дейін іске қосылатын болады.

 Қазақстан мен Түркия елдерінің арасындағы тауар айналым бүгінде 2 млрд АҚШ доллар шамасында болса, алдағы уақытта  бұл көрсеткішті 5 млрд долларға жеткізу көзделуде. Бұл жөнінде дипломатиялық байланыстың 25 жылдығы аясында қос мемлекеттің көшбасшылары өткен жылы Астана қаласында болған кездесуде айтқан болатын.

Түркия негізінен Қазақстанға текстиль, тамақ өнеркәсібі мен құрал-саймандар импорттаса, олар Қазақстанның мұнайы мен металдарына, химия өнеркәсібі өнімдеріне ерекше қызығушылық танытып отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.