Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.05.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Мерейлі отбасы-2016» байқауының үшінші кезеңі өтіп, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Bnews.kz.

    Елбасының бастамасымен ұйымдастырылып, үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған шараға аудан, қаладан еңбекте, спортта, шығармашылықта, ғылымда жетістікке жеткен 30 отбасы іріктелініп алынды.

     Отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған ұлттық байқаудың қорытындысы бойынша 3 отбасы жүлделі орынды иемденді. Ал «Мерейлі отбасы» мәртебесіне кентаулық Ошақбаевтар әулеті лайық деп танылды.

    Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков жеңімпаз отбасыларды марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

    «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының барлық қатысушысы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз І орын иегеріне отбасылық шипажайға тегін жолдама берілді. Ал екінші орында сарыағаштық Кульгиновтар отбасы алса, жүлделі үшінші орынды түлкібастық Ешенқұловалар иемденді.

    ОҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, енді Астана қаласында қыркүйек айында өтетін республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына оңтүстік өңірінің намысын кентаулық Ошақбаевтар отбасы қорғайтын болады.

    Айта кетейік, Қаратай Ошақбаев– қазақ әдебиетіне, тұрмыс-салт жырларына өлеңдер мен термелер, бата, нақыл, өсиет сөздер қосқан фольклортанушы. Кентау қалалық Ақсақалдар алқасының беделді мүшесі. Сонымен қатар, «Батасы — бұлақ ардагерлер» сайысының жүлдегері.  «Кешігіп  келген  көктем» атты жыр кітабының авторы. Зейнеткер, жеке кәсіпкер Қаратай Ошақбайұлы Кентау қаласының «Құрметті азаматы». Бүгінде ол 7 ұлдан 25 немере мен 21 шөбере сүйіп отыр.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.