Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Республика бойынша үш мыңға жуық кооператив тіркелген
    Агро

    Республика бойынша үш мыңға жуық кооператив тіркелген

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.05.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Үкіметте ауыл шаруашылығы кооперациясының дамуын тежейтін проблемалар аталды.

    Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға кедергі келтіретін өзекті проблемаларды атады, деп хабарлайды bnews.kz.

    «2015 жылы «Ауыл шаруашылығы кооперативтері» туралы заңның қабылдануы кооперацияны дамытудың негізгі кедергілерін жоюға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, кооператив мүшелері табысты өзара бөлісу құқығына ие болды. Кооператив қызметіне жыл сайын аудио жүргізу, ревизиялық одақтар институтын дамытуға жағдай жасалды. Үш заңның орнына бір заң қолданылатын болды. Арнайы заң «Мал шаруашылығы кооперативі» деп аталады. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызмет түрлері нақты сәйкестендірілді. 2018 жылдың 1 сәуіріндегі статистика бойынша 62 мыңнан астам адамның басын біріктірген 2849 кооператив тіркелді», — деді Евниев.

    Вице-министр Президент әкімшілігінің тексеру қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығы кооперациясының тиімді дамуына кедергі келтіретін бірқатар жүйелік проблема анықталғанын атап өтті. Олар – кооперативтердің 18%-ы жұмыс істемей тұруы, 42%-ның формальды түрде құрылуы, кооператив мүшелері өндірген өнімдерді өңдеу және өткізумен байланысты мәселелер, кооперативтерді дамытуды ынталандыру шараларының жеткіліксіздігі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жетіспеуі, әкімдік деректерінің статистикалық деректерге сәйкес келмеуі.

    «Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаны өзекті ету жұмысы барысында агроөнеркәсіптік кешенінің ауыл шарруашылығы кооперациясы арқылы шешуге мүмкіндік туатын алты түйіндік проблемасы анықталды. Бірінші, еңбек өнімділігінің төмендеуі; екінші, өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төменделігі, осының салдарынан өңдеуші кәсіпорындардың толық жүктелмеуі; үшінші, техникалық жарақтану деңгейінің төмендегі; төртінші, білімнің жетіспеуі; бесінші, өнімді сатудан түсетін кірістің аз болуы; алтыншы, қосымша шығындардың жоғары болуы. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламада белгіленген алты индикаторды салыстырып қарағанымызда олар жоғарыда көрсетілген проблемаларды шешу дәрежесін бағалауға мүмкіндік бермейтінін, кооператив мүшелері мен жергілікті атқарушы органдардың жалған ақпарат беріп, көрсеткіштерді бұрмалауына мүмкіндік туғызатынын анықтадық. Сондықтан қолданыстағы нысаналық индикаторларды ауыстыру қажеттілігі туындады», — деді Арман Евниев.

    Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеевке ауыл шаруашылығы кооперациясын одан әрі дамыту үшін бірқатар тапсырмалар берді.

    «Кооперативтерді құрудың негізінде еңбек өнімділігі және өнімді шығару былтырғы жылмен салыстырғанда өсіп отыр деп айтып отыр. Өмірзақ Естайұлы, кооперативтерді құру кезеңіне дейінгі уақытта қанша ет облыста өндіріліп жатыр, кооператив құрылғаннан кейін кооператив есебінен өсті ме, жоқ па осыны қарау керек. Облыс бойынша қандай өзгерістер болып жатыр? Сүт пе, ет пе басқа да өнімдерден сол бойынша қанша жұмыс орны құрылды, қанша адамды жұмысқа тарттық, оның мультипликативтік жағында қарап шығуымыз керек. Ет осыншама есе өсті деп қана қоймай, сол шыққан ет-сүт нарықта қандай өзгерістер енгізіп жатыр? Баға сол қалпында қалды ма, әлде төмендеді ме, сұранысты төмендетті ме? Аз уақыт жұмыс істегеннің өзінде тек қана өндірілген өнімнің көлемінің көбейгенінен басқа қандай нәтиже бар?» — деді Сағынтаев.

    Үкімет басшысы бүгінгі талқылауды ескере отырып ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ауыл шаруашылығы қешенді мемлекеттік бағдарламасын түзету шеңберінде агрокооперациясын дамыту шараларын егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.

    Оның айтуынша, бұл шаралар ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін, ауылдағы жұмыспен қамту деңгейін арттырып, нәтижесінде ауыл шаруашылығы экспортын ұлғайтуға мүмкіндік беру тиіс.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.