Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бельгия соты Ұлттық қордың 21,5 миллиард долларына шектеу қою туралы шешімнің күшін жойды
    Жаңалықтар

    Бельгия соты Ұлттық қордың 21,5 миллиард долларына шектеу қою туралы шешімнің күшін жойды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Брюссельдің бірінші инстанциядағы соты Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің шамамен 21,5 миллиард АҚШ доллары сомасынан алдын ала тыйым салуды жойып, 530 миллион доллар көлеміндегі қалған қаражаттан шектеуді ағылшын соттарында алып тастау туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    2010 жылы сотісін бастаған молдавалық кәсіпкерлер Анатол мен Габриель Стати Швециядағы төрелік арқылы Қазақстаннан 4 миллиард доллар талап етті, алайда оларға 500 миллион доллар ғана ұйғарылды. Осы қаражаттың ішінен 199 миллион АҚШ доллары газ өңдеу зауыты құрылысына кеткен шығындармен байланысты болған тәрізді.

    Кейіннен АҚШ-та бөлек сот процедурасы арқылы алынған құжаттар арқылы Қазақстан Статидің талаптары ірі алаяқтыққа негізделгендігі жөнінде дәлелдер алды. Англияның Жоғарғы соты ұсынылған дәлелдерді қарап, өткен жылдың маусым айында төрелік шешімнің алаяқтық жолмен алынғандығы туралы дәлелдер бар екенін анықтап, 2018 жылдың қазан айына алаяқтық бойынша тыңдалым өтетіні туралы шешім қабылдады.

    Осыдан кейін Стати жеті елде мәжбүрлі түрде орындау бойынша теңдесі жоқ науқан бастап, Қазақстанның Ұлттық банкіне және Ұлттық қорға тиесілі 22 миллиард доллардан астам сома көлеміндегі активтерге алдын ала тыйым салуға қол жеткізді. Бұл сома олардың талаптарынан анағұрлым асып түседі. Бельгиялық сот уақытша тыйым салу туралы Статидің талаптарын орындамай, уақытша тыйым салу Статидің талап еткен сомасымен шектелуі керек екендігі туралы қаулы шығарды. Бұл Қазақстанның Ұлттық банкіне тиесілі шамамен 21,5 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі активтерінен шектеуді алып тастауға әкеледі.

    Бұдан басқа, бельгиялық соттың ұйғаруынша, тыйым салу үшін негіздің бар-жоқтығын нақ ағылшын соттары шешуі тиіс. Қазақстан Республикасы мен Қазақстанның Ұлттық банкі тыйым салынған қаражаттың қалған бөлігінен шектеуді алып тастау үшін Англияда тиісті әрекеттер қабылдайтын болады.

    «Тыйым салынатын қаражатты ұлғайту және бұл ретте үшінші тұлғаларды қамтуға бағытталған Статидің стратегиясына сызат түсті. Статидің стратегиясы бастапқыдан елімізге қысым көрсетуге бағытталған», — дейді ҚР әділет министрі Марат Бекетаев.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.