Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандықтар отандық эстраданы және өзін-өзі жетілдіруді таңдайды
    Жаңалықтар

    Қазақстандықтар отандық эстраданы және өзін-өзі жетілдіруді таңдайды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Кселл» компаниясының  Mobi music пен Bookmate қызметтерінің жазылушылары қазақстандық музыканы және өзін-өзі жетілдіру кітаптарын таңдайды.  Компанияның деректеріне сүйенсек, 395 қазақстандық орындаушылардың ішінен ең танымал үштікке Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас және Қанат Үмбетов кірді. Дәл осы әртістердің әндерін жазылушылар басқа әншілерден гөрі жиі тыңдайтын болып шықты. 

    Іріктеп алынған дайын музыканың ішінен Mobi music-те ең танымал ол  — «Хиты дня», «Хит-парад казахстанской музыки» және «Домашний уют» қызметтері. Жанрларға тоқталатын болсақ, жазылушылар іздеу жүйесінде pop-музыкасын, рэп, хип-хоп және қазақстандық әуендерді жиі іздейді екен. «Кселл» компаниясының деректері бойынша, орта есеппен алғанда бір пайдаланушы күніне 43 ән тыңдайды – ол қызметте күнделікті екі сағат отырады дегенді білдіреді.

    Bookmate электронды кітапханасының жазылушылары арасында психология мен өзін-өзі жетілдіру әдебиеті аса танымал. Алайда соңғы айдың ең танымал кітаптары австралиялық жазушы Грегори Дэвид Робертстің «Шантарам» романы мен израильдік профессор Юваль Ноа Хараридің «Sapiens: Краткая история человечества» жұмысы болды. Орта есеппен алғанда «Кселл» абоненттері «кітапханада» күніне 66 минут өткізеді. Олар кітаптарды көбінесе iPhone 6 смартфонының көмегімен оқиды.

    Mobi Kino қызметінің жазылушысы фильмдер мен сериалдарды көруге шамамен айына 180 минут уақытын жұмсайды. Оған оның 3 ГБ-тан астам трафигі кетеді. Бұл қызметтің жазылушыларында ең танымал сериалдар арасында «Игра престолов», «Мир дикого запада» және «Маша и медведь» мультфильмін атауға болады.

    Mobi TV қызметінің жазылушылары көбінесе сериалдар, реалити-шоу және жаңалықтарды көргенді қалайды. Отандастарымыздың арасында ең танымал шоу ол  «Қалаулым» және «Кухня» сериалы. Сонымен қатар қазақстандықтар «Еуразия бірінші телеарнасы» мен «31 арнаны» көп көреді.

    «Кселл» АҚ-ның басты атқарушы директоры Арти Отстың сөзіне сүйенсек, 2017-ші жылы компанияның мобильді қызметтерге жазылушылар саны 2016-шы жылға қарағанда 4,5 есе өскен. Қазіргі таңда олардың саны 526 мың жазылушыларға тең.

    «Сандық контент, деректерді тапсыру және пакетті тарифтерімен бірге біздің компанияның қаржылық кірісінде басты рөлді атқарды. Біз көріп отырғандай, Қазақстанның телеком нарығында ең маңызды әрі өзгерісті кезең келді — дыбысты байланыстан деректерді тапсыруға көштік. Бұл әлемдегі IT-өндірісінің дамуына қолдау көрсетіп отырған қалыпты жағдай. «Кселл» компаниясы осы салада жетекші болып, өзгерістерді дұрыс бағыттап, сандық операторға ауысып, сандық контентті белсенді жетілдіру үстінде. Бұл нарыққа, ең бастысы біздің абоненттерге қазіргі таңда шынымен қажетті дүние», — деп білдірді Арти Отс.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.