Бүгінде жастарды кәсіптік білімге баулып сапалы мамандар даярлау заман талабы. Сондықтан осы бағытта жұмыс жасайтын оқу орындарына соңғы жылдары барынша көңіл бөлініп материялдық техникалық базалары жаңартылып келеді. Соның бірі Түркістан қаласына қарасты Ескі Иқан ауылындағы №23 колледж мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорны. Аталмыш оқу орны бүгінге дейін де көптеген кәсіптік-техникалық маман иелерін даярлап қанат қақтырды. Негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болып табылатын Түркістан өңіріндегі шаруа қожалықтары мен өндірістер үшін білікті жұмысшы мамандар қажет. Міне осы орайда кәсіптік оқу орны заман талабына сай кәсіптік маман иелерін даярлап келеді. Қазір колледжде 5 мамандық 7 біліктлік бойынша 300-ден астам болашақ кәсіби мамандар білім алып жатса, жыл сайын аталмыш оқу орнынын 100-ге тарта жас маман бітіріп шығады.