Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Тағы 587 адам Қазақстанның азаматы болады
    Жаңалықтар

    Тағы 587 адам Қазақстанның азаматы болады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.05.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанға жақын және алыс шетелден келген тағы 587 адам Қазақстанның азаматтары болады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

    Ақорданың ресми сайтында жұма күні жарияланған хабарда айтылғандай, Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

    Жиын барысында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері қарастырылды.

    Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін таяу және алыс шетелдерден келген әртүрлі этностың 587 өкілі біздің еліміздің азаматтарына айналады.

    – Қазақстан азаматы болуды қалайтындар саны жылдан жылға артып келеді. Аталған жайт Қазақстандағы азаматтық институттың халықаралық беделі артқандығын, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің тұрақтылығын, этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің дамығандығын айғақтайды.

    Бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған, ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан – 2050» стратегиясының жүйелі жүзеге асырылуының арқасында мүмкін болды.

    Біз жаңа қазақстандықтарға бақытты өмір тілейміз және енді олардың өз Отаны болып саналатын еліміздің игілігі жолында тиімді еңбек етулеріне ниеттестік білдіреміз. Еліміздің лайықты азаматтары болып, тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуына олардың да өз үлесін қосатынына сенімдімін, – деді Мемлекеттік хатшы.

    Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.