Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Бүгін Оңтүстіктен 33766 оқушы түлеп ұшты
    Білім

    Бүгін Оңтүстіктен 33766 оқушы түлеп ұшты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1038 білім ұйымында «Ел жүрегі – Астана» атты салтанатты соңғы қоңырау шарасы өтті. Аталған мектептерден бүгін 33766 оқушы түлеп ұшты. Болашаққа қадам басқан бітіруші түлектерді құттықтау үшін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Химия биология бағытындағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің   соңғы қоңырау  шарасына қатысты.       

    3

    Салтанатты жиында сөз алған өңір басшысы барша оңтүстікқазақстандық мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, даңғыл жолға қадам басқан болашақ азаматтарға ақ жол тіледі.

    6

    «Сіздер Елбасы армандаған «Мәңгілік ел» — идеясының құрылысшылары екендеріңізді ешуақытта естен шығармаңыздар. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында жастарды білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға жас кезінен бастап дағдылануын басты назарға алды. Мемлекет жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі Сіздер үшін жасалынуда», — деді Жансейіт Түймебаев.

    16

    Сонымен қатар, аймақ басшысы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы зияткер ұрпақты тәрбиелеуде тек мектеп қабырғасымен шектелмей, білім берудегі үздік тәжірибелері мен жобаларын қала, облыс, республика көлеміне таратуда кеңінен атсалысып жатқанына тоқталды.

    15

    Бұдан өзге, облыс басшысы мектеп кітапханасының қорына «Жаһан таныған жеті тұлға», «Түркітанудың тарихи-лингвистикалық негіздері» атты туындыларды тарту етті. Сондай-ақ, ұрпақ тәрбиесі үшін тер төгіп жүрген бірқатар ұстаздарды марапаттады.

    13

    Айта кетерлігі, биыл 12 жылдық білім жүйесімен оқыған оқушылардың алғашқы түлектері мектеп бітірді. Ағымдағы жылғы оқу жылында Химия –биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебін 97 түлек аяқтады. Олардың 30-дан астамы шетелдік ЖОО-на құжат тапсырып, қазіргі таңда 17 түлек тегін оқу грантына ие болған. Бұл әлемдік рейтингтің үздік 100 университетіне кіретін Америка, Германия, Корея, Қытай, Ресей, Канада елдерінің жоғары оқу орындары.

    4

    Жалпы биылғы оқу жылында өңіріміздегі 1038 мектепте 634 мыңға жуық оқушы білім алды. Оның ішінде 33766 оқушы мектепті биыл бітіреді. Республикадағы бітіруші 147 мыңнан аса оқушының әрбір бесіншісі Оңтүстік өңірінің түлегі. 

    12

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.