Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте Нобель сыйлығы лауреатының қатысуымен ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте Нобель сыйлығы лауреатының қатысуымен ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.05.2018Updated:22.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының шақыруымен ЭСКАТО БҰҰ Департамент басшысы, Нобел сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков және «ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма төрағасы Қ.Байтөремен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында аймақтық инвестициялық орталық ұсынған Түркістан қаласындағы «жасыл технологиялар» негізіндегі жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

    Оңтүстік Қазақстан облысына инвестиция тарту және «жасыл технологиялар» негізінде жобаларды іске асыру мәселелерін талқылау барысы М.Әуезов атындағы ОҚМУ қабырғасында Рае Квон Чунг мырзаның қатысуымен өткізілген ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстелде жалғасын тапты. Айта кету керек, Рае Квон Чунг ұзақ уақыт бойы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның климаттың өзгеру мәселелері бойынша бас кеңесшісі қызметін атқарған.

    Дөңгелек үстелде Рае Квон Чунг Қазақстан Республикасы Президентінің «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі саяси шешімінің маңызды рөлін атап өтті. Автоматтандыруды енгізу барысында Р.Чунг көптеген жұмыс орындарының жабылуын атап өтті. Осы кезеңде «жасыл даму» жүйесіне көшу жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

    Сонымен қатар, шара барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Т.Баймұханов таныстырған «Шымкент қаласын көгалдандыру» тақырыбындағы жобасы және «ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма төрағасы Қ.Байтөре таныстырған Түркістан қаласында «Қатты қалдықтарды қайта өңдеу» жобалары әзірлену сатысында екендігі айтылып, іске асыру мерзімі осы жылға жоспарланғандығы белгілі болды.

    Айта кету керек, жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру 500-ден астам жоғары сапалы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

    Ғылыми-практикалық дөңгелек үстел ұйымдастырушылары жақын болашақта Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама аясында жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыруға кіріспек.

    «ОҢТҮСТІК» АИО баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.