Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Нығматулин мен Володин «Қазақстан – Ресей: ғасырларға жалғасқан достық!» көрмесін ашты
    Жаңалықтар

    Нығматулин мен Володин «Қазақстан – Ресей: ғасырларға жалғасқан достық!» көрмесін ашты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Мәскеу қаласында Мемлекеттік Думада екі елдің дипломатиялық қатынасының орнағанына 25 жыл толуына арналған «Қазақстан және Ресей ғасырларға жалғасқан достық!» көрмесінің ашылуы болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

    Шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин және Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин қатысты. Н. Нығматулин көрменің ашылуында сөйлеген сөзінде:

    «Көрменің тақырыбы да, оған қойылған естеліктер де Қазақстан мен Ресейдің 25 жыл ішінде жүріп өткен тарихи жолынан сыр шертеді. Біздің елдеріміздің басшылары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Владимир Владимирович Путиннің салиқалы саясатының арқасында Қазақстан мен Ресей ең жақын, ең бауырлас елдер ретінде бүгінгі күні мемлекетаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Бұл біздің бүгінгі және болашақ табыстарымыздың кепілі. Осы жолда парламентаралық байланыстың да рөлі өте зор», — деді.

    Өз кезегінде Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин, көрме ортақ тарихымызды еске алып, болашаққа байлам жасаудың тамаша көрінісі екенін атап өтті.

    «Бұл сапар біздің әріптестік мүмкіндігіміздің зор екенін көрсетеді. Мемлекеттік Дума мен Парла­мент Мәжілісі арасындағы ынтымақтастық туралы палата­ара­лық парламенттік комиссияның жұмысы өте маңызды. Әсіресе, біздің елдеріміз басшыларының келісімдерін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жолында өзектілігі жоғары», — деді.

    Көрмеде Мемлекеттік Думаның XX ғасыр басындағы бірінші және екінші шақырылым жұмыстарының мұрағаттық суреттері қойылған, ол жұмыстарға қазақ депутаттары да қатысқан болатын. Ал ортақ тарих туралы Ұлы Отан Соғысы, тың игеру кезеңіндегі ерліктер, Байқоңырдан ғарышқа алғашқы сапар жайындағы естелік қойылған.

    Сондай-ақ, көрмеде екі мемлекеттің тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан орнаған қарым-қатынас жайында мағлұмат беретін естеліктер бар. Ол суреттерден Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенттерімен кездесулері кезінде маңызды стратегиялық құжаттарға қол қойып жатқан сәттерін, Еуразиялық интеграция туралы алғаш рет жария еткен М.В. Ломоносов атындағы ММУ сөз сөйлеген сәттерін көруге болады.

    Сондай-ақ, тәуелсіз Қазақстанның айшықты белгісі – Астанаға да айрықша назар аударылған. Көрмеге қойылған Астананың даму қарқыны мен көз тартар сұлулығынан сыр шертетін суреттер көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.