Бүгін Алматыда XV Еуразиялық медиа форум басталады, деп хабарлайды 24.kz.
Биылғы форумға «Эволюцияның 15 жылы: әлем өзгерісі мен бізді өзгертуі» деген айдар тағылған. Айтулы шараға 60-тан аса мемлекеттен 600-ге жуық делегат келеді. Оған Euronews, CNN, BBC, Associated Press, Television news, New York Times сияқты танымал ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.