Мемлекеттер басшылары әңгімелесу кезінде екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, соның ішінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Телефон арқылы сөйлесуге өзбек жағы бастамашы болды.