Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте екінші жаңа теміржол вокзалын салу жобасы талқыланды
    Жаңалықтар

    Шымкентте екінші жаңа теміржол вокзалын салу жобасы талқыланды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласында бекітілген дамудың Бас жоспарына сәйкес тәулігіне 20 мың жолаушы өткізетін жаңа айналма теміржол вокзалы салынады, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты. Жоба тұжырымдамасы халықаралық бастамашыл топпен, жоба жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Алихан Бижанов пен техника ғылымдарының докторы, профессор, «Байланыс жолдарын дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің директоры Алтайбек Оразбеков, ҚР сәулетшілер одағының ОҚО филиалының төрағасы Асқар Мамырбаев және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы »АҚ өкілдерімен бірлесе әзірленді.

    Заманауи үлгіде бой көтеретін қаладағы екінші теміржол желісінің техникалық құрылысының сипатын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа «Байланыс жолдарын дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің директоры А.Оразбеков таныстырды.

    Олардың айтуынша, бұл жоба зерттеу қорытындысы бойынша Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына сәйкес екен. Өйткені темір жол желісін салу кезінде көлік салудың және пайдаланудың озық «цифрлық» технологиялары енгізілсе, көлік процесінде инновациялық технологиялар, соның ішінде жоғары технологиялық цифрлық инфрақұрылымды енгізу көзделген.

    Шымкент қаласының бас жоспарына сай «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында салынуы тиіс вокзалдың жобасы аясында «Шымкент-2» жаңа теміржол вокзалы мен жүкті сұрыптау станциясы және үлкен автовокзал салынады деп жоспарлануда. Сонымен бірге жалпы алаңы 16 гектарды құрайтын жобада қонақ үй мен әкімшілік ғимарат, 1000 автокөлікке арналған тұрақ қарастырылған.

    Жоба жетекшісі Шымкент қаласының 2020 жылы болатын ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына орай, жобаны іске асырып, пайдалануға беру мүмкіндігін айтты.

    Өз кезінде облыс әкімі бұл жобаның әлеуметтік маңызы бар екенін және жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға және туристерді аймаққа тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Осыған байланысты ол тиісті ведомство басшыларына жобаны жүзеге асыру үшін жұмыс тобын құруды тапсырды.

    Қазіргі таңда жоба республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау алгоритміне сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарымен жұмыс үйлестіру сатысында тұр.

    ҚазТАГ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.