Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ХV жылдық тарихы бар Еуразиялық Медиа Форумға «Айғақ» газеті мен телеарнасы осымен 15-рет қатысқалы отыр
    Жаңалықтар

    ХV жылдық тарихы бар Еуразиялық Медиа Форумға «Айғақ» газеті мен телеарнасы осымен 15-рет қатысқалы отыр

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.05.2018Updated:22.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Әлем қалай өзгеруде және әлемді біз қалай өзгертеміз?». Биылғы Еуразиялық Медиа Форумның тақырыбы дәл осылай аталады. Дариға Назарбаеваның ұйымдастыруымен ХV рет өткізіліп отырған Медиа Форумға республикалық «Айғақ» газеті мен телеарнасы да 15 рет қатысқалы отыр. Осы уақытқа дейін, «Айғақ» Телерадиокомпаниясының бас директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Дулат Әбішпен бірге еліміздің өзге де өңірлерінен «Тандем» ТРК бас директоры Тәттігүл Талаева,  «Костанайские новости» газетінің бас редакторы Сергей Харченко секілді БАҚ басшылары тұрақты түрде қатысып келеді. Халықаралық Форумға алыс-жақын шетелдерден саясаткерлер мен журналистер шақыртылып, медиа-эксперттермен мастер-класттар ұйымдастырылады. Иә, Медиа Форум талқылайтын тақырыптың аясы кең. Мәселен, бұл жолы «2020 жылы ақпаратты жеткізу үлгісі қандай болмақ?», «Мобильді журналистикадан әлеуметтік шынайы өмірге ауысу жолдары» және «5G-интернет жылдамдығы арқылы ұялы телефондарда «Hashtag our stories», яғни  барлық тілде кез-келген тарихи мәлімет алуға болатын сенсациялық мүмкіндіктер жасау» секілді актуалды мәселелері талқыланбақ. Күні ертең басталатын ауқымды жиынға Оңтүстіктен бір топ БАҚ өкілдерінен құрылған делегация аттанбақ. Делегаттар тізімінде Қазақстанның «Құрметті журналсі», Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серік Жанәбіл, «Шаян» газетінің бас редакторы Ұлан Абзалұл, «Жетісай жаңалықтары» газетінің бас редакторы Ақерке Бақтыбаева, «Айғақ» газетінің бас редакторы Ұлжан Наушабаева, «Айғақ» ТРК бас редаторы Салтанат Тойболовалар бар.

    Ал, Оңтүстіктен қатысатын БАҚ өкілдері құрамында «Қазығұрт тынысы» газетінің құрылтайшысы Райымбек Айтубай, «Айғақ» газетінің журналисі Жеңісхан Жұмаханұлы, «Айғақ» ТРК журналисі Жансая Елемесовалар бар. Аталған тізімдегі журналистер Алматы қаласында  22-25 мамыр аралығында өтетін Медиа Форумнан арнайы ақпараттарды халықтың назарына ұсынып отыратын болады.

    Сондай-ақ, жоғарыда аталған делегация сапар алдында, Жамбыл облысы, Әулиеата топырағынан   Жеңіс туын көкке көтеріп, ортамызға аман-есен келіп, ұрпақ сүю бақытына кенелген, еліне еңбегімен сыйлы болған ардагер-жауынгерлердің аттары мәрмәр тасқа қашалып жазылған «Ерлік» мемориялдық кешеніне ат басын бұрмақ.

    123

    321

    Биыл ғана іргесі қаланған бұл ескерткіштің салынуына Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов мұрындық болып отыр. Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласына сөзбен емес, қашанда ел айтып жүретін тиянақты іспен жауап қайтаратын халық қалаулысы осылайша ежелгі Тараз қаласындағы тарихи-мәдени ескерткіштер қатары тағы бір елеулі нысанға артуына өз үлесін қосып отыр. Мұнан соң делегация құрамы Алматы облысына жол бұрмақ.

    Жансая Елемесова.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.