Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар» «Саиль Қошқар – Ата» атты көктем мерекесі өтті
    Жаңалықтар

     «Саиль Қошқар – Ата» атты көктем мерекесі өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.03.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі қарсаңында «Саиль Қошқар – Ата» атты көктем мерекесі өтті. Іс-шараның мақсаты қазақ халқының ежелгі үрдісін жандандыру, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты кеңінен насихаттауға бағытталған. Осы ретте  киелі «Қошқар ата» өзенінің бойында өткен мерекелік шара барысында қазақтың ұлттық ойындарынан жарыстар ұйымдастырылып, әуезді әндер шырқалды. Шымкент қаласының тұрғындары ежелден «Саиль Қошқар – Ата» — «Көктем мерекесі» немесе «Асыл тұқымды қошқар мейрамы»  мерекесін атап, ұлттық-дәстүрлі ойындар және сауық сайрандар өткізіп отырған. Сондай-ақ , киелі Қошқар-Ата өзеніне көркеюді және мал отардың аман-саулығын тілей отырып, қошқарды құрбандыққа шалған. Осылайша бір ғасырдан астам уақыт бұрын Қошқар ата өзенінің бастауында пайда болған бұл мереке Шымкент қаласына ғана тән. Осы орайда биыл қала әкімдігі тарих жылнамасында қалған аталмыш маңызы айрықша мерекені қайта жаңғыртып отыр.  Яғни бұл күні өзен жағалауында өткен шараға қала тұрғындары көптеп қатысса, мерекеге байланысты бұл орынға асыл тұқымды қошқарлар көрмесі ұйымдастырылған. Ал ұлттық ойындарға әділ шешім шығару үшін арнайы қазылар алқасы да бекітілген.56ebf194e3f82«Саиль Қошқар – Ата» атты көктем мерекесін ұйымдастырудағы негізгі мақсат қазақ халқының ежелгі үрдісін жандандыру, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты кеңінен насихаттау болып табылады. Сондықтан да мереке басы ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін театрландырылған көріністермен бастау алды. Сондай-ақ, төл өнеріміз айтыстан жас ақындар сынға түсіп, шараның көркін қыздыра түсті. Бір ғасырдан астам уақыттан соң қайта жаңғырған айтулы мерекенің қонақтары бұл күні арнайы ұйымдастыурылған қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалап, спорттық ойындарға куә болды. Яғни шара барысында қол күресі, гір тасын көтеру, қазақша күрес сынды ұлттық спорт түрлерінен балуандар сынға түсіп өзара жүлделі орындарды сарапқа салды.56ebf17c5b840Ал мерекелік шарадағы ең басты жарыстың  бірі қошқар көтеру сайысы болатын.  Бұл сынға алдын ала жазылған білекті де жүректі жігіттер салмағы 85 келі тартатын қошқарды көтеруден сынға түсті. Ал жарыс нәтижесі бойынша үлкен қошқарды 32 мәрте иыққа салып көтерген Төлебилік балуан Біржан Досалиев жеңіске жетіп жүлдеге тігілген қошқарды жеңіп алды. Осылайша өрбіген мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаларға ұласты.

    Абай Омар

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.