Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елбасы Қырымбек Көшербаевтың өкілеттігін ұзартты
    Жаңалықтар

    Елбасы Қырымбек Көшербаевтың өкілеттігін ұзартты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2021 жылғы 20 мамырды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

    Қырымбек Елеуұлы Көшербаев 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында туған. Қырымбек дүниеге келген кезде әкесі Елеу Көшербаев Қырымда жүрген, сол себепті жаңа туған сәбидің есімін Қырымбек деп қойған. Қырымбек Көшербаевтың атасы Көшербай Дәрібаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері атағын алған өңірдегі танымал азаматардың бірі болған. Әкесі Елеу Көшербаев Қызылорда облыстық, аудандық атқару комитеттерінде түрлі қызметтер атқарған. Анасы Мамбеталиева Дәнеш мектеп мұғалімі болған.

    Қырымбек Көшербаев Қазалы ауданында дүниеге келген, Сырдария ауданында өскен. Тереңөзек кентіндегі №35 Калинин атындағы қазақ орта мектебін бітірген (қазір И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей). Мектеп қабырғасынан боксқа қатысып, бірнеше жарыстардың жеңімпазы атанған.

    1978 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді.

    1991 жылы КОКП Орталық комитетінің жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспирантурасын бітірді. Философия ғылымдарының кандидаты (1991 жыл), Саясаттану ғылымдарының докторы (1997).

    Докторлық диссертацияның тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы этносаяси процесті регламентациялау ерекшілігі» («Особенности регламентации этнополитического процесса в Республике Казахстан»).

    Бокстан спорт шеберіне үміткер.

    1978 — 1979 жылдары Қызылорда қаласында қаласында «Главрисхозстрой» мекемесінде инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы.

    1979 — 1981 жылдары Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылыс штабы Қызылорда облысы күріш инженерлік жүйесінің бастығы.

    1981 — 1982 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық екпінді құрылыс ұйымдары секторының меңгерушісі.

    1982- 1983 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы.

    1983 — 1986 жылдары Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы.

    1986 — 1987 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

    1987 — 1988 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі.

    1988 — 1991 жылдары Мәскеу қаласында КОКП Орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспиранты.

    1991 жылы Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар Референтурасының референті.

    1991 — 1994 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі.

    1994 — 1995 жылдары Алматы қаласы Калинин аудандық әкімшілігінің басшысы.

    1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты жетекшісінің орынбасары ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

    1995 — 1996 жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты жетекшісінің орынбасары аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі.

    1996 — 1997 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Баспасөз қызметінің жетекшісі.

    1997 — 1999 жылдары Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі.

    1999 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрі.

    1999 — 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі.

    Қызылорда облысының әкімі (17.01.2013 жылдан бастап)

    Дереккөз: Zakon.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.