Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Назарбаев криптовалюта үшін ортақ ереже әзірлеуді ұсынды
    Жаңалықтар

    Назарбаев криптовалюта үшін ортақ ереже әзірлеуді ұсынды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін елордада басталған АЭФ Global Challenges Summit 2018 жұмысы үш күнге, 19 мамырға дейін жалғасады

    ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев криптовалютаны пайдалану мен реттеу үшін бірыңғай ережелер әзірлеуді ұсындын, деп хабарлайды sputniknews.kz.

    «Бүгінде көптеген ел криптовалютаны қаржы жүйелерінің қазіргі конфигурациясына бейімдеу мүмкіндіктерін зерделеп жатыр. Десек те әлем елдері бұл мәселеде әртүрлі әрекет етуде. Бұл бытыраңқылықтың соңы тиімсіздікке әкеледі. Сондықтан баршаға ортақ ережелерді әзірлеуге кірісу керек», — деді Елбасы Global Challenges Summit 2018 пленарлы отырысында.

    Назарбаев қазір қоғамның бүкіл өмірі цифрланғанын атап өтті.

    «Өндірісті бақылайтын және жақсартатын интеллектуалды жүйелер қалыпты құбылысқа айналды. 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік экономиканы 16 триллион долларға ұлғайтады. Криптоалюта феномені, блокчейн технологиясы банктерді қоса алғанда, қаржы нарығы үшін түбегейлі өзгеріс әкеледі. Сарапшыларлың пікірінше, алдағы он жылдықта 500 ірі компанияның 200-і  түбірімен жойылады», — деді мемлекет басшысы.

    Бұған қоса, президент цифрландыру киберқылмыстың артуына да себеп болатынын айтты.

    «2017 жылы киберқылмыс бизнес үшін ең басты қатер деп танылды, алайда бір жыл бұрын ғана тізімде тек бесінші орында тұрған еді. Әрине, осы және өзге де факторлар елдердің цифрлық провинцияда қалып қоймауына талпынуына себеп болады. Біз де жаңа шынайылыққа бейімделеміз. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы іске қосылды, оны іске асыру цифрлық инрақұрылымды, елдегі ІТ-экожүйені дамытуды қамтамасыз етеді, Қазақстан халқының цифрлық сауаттылығы 85%-ға артады. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, біз өңдеуші секторда бес жыл ішінде еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыруды жоспарлап отырмыз», — деп мәлімдеді Назарбаев.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.