Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Абаев баспасөз хатшыларының міндеттері мен құқықтарын бекітті
    Жаңалықтар

    Абаев баспасөз хатшыларының міндеттері мен құқықтарын бекітті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.05.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Аталған құжат «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.

    ҚР Ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің бұйрығымен БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға туралы үлгілік ережені бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Аталған құжат «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Онда баспасөз хатшысының немесе баспасөз қызметінің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері қамтылған. Бұйрықта баспасөз хатшысы пайдаланушыларға мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мəселелер бойынша анық жəне қажетті ақпарат беретіні, БАҚ-қа сұхбаттар, түсіндірмелер, жарияланымдар əзірлеуге жəрдемдесетіні, журналистерді уақытша немесе тұрақты аккредиттеуден өткізетіні, сондай-ақ оларға мемлекеттік органның құзыретіне жататын мəселелер бойынша ақпаратты неғұрлым толық жəне кеңінен тарату үшін көмектескені аталып өткен.

    Баспасөз хатшысы немесе баспасөз қызметі лауазымды адамдардың БАҚ өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастырады. Сонымен қатар олар интернет-ресурстың қызметін жаңғырту жəне жаңа технологияларды енгізу мəселелері бойынша ұсыныстарды əзірлеуі тиіс.

    Мұнымен қоса, баспасөз хатшылары ақпараттарды пайдаланушылардан келіп түсетін сауалдарға уақтылы жауаптар дайындауы қажет. Сонымен қатар баспасөз хатшысы пайдаланушылардан келіп түскен сауалдарға жауап беру үшін қажетті ақпаратты құрылымдық бөлімшелерден сұратуға, интернет-ресурстың қызметін техникалық қамтамасыз ету мақсатында ақпараттандыру саласындағы сарапшыларды тартуға, біліктілікті арттыру курстарынан өтуге құқылы.

    Бұдан бөлек, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уəкілетті тұлға медиакеңістікте қоғамның теріс пікіріне əкелетін ақпарат анықталған жағдайда мемлекеттік органның бірінші басшысын уақытында хабардар етуге міндетті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.