Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ДСҰ бас директорының орынбасары Қазақстанды Өзбекстан мен Беларусқа үлгі етті
    Жаңалықтар

    ДСҰ бас директорының орынбасары Қазақстанды Өзбекстан мен Беларусқа үлгі етті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.05.2018Updated:18.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстандық үлгі — мемлекеттердің қысқа уақыттың ішінде қалайша алысқа баруға болатынын паш етер бірегей модель. ХІ Астана экономикалық форумында Дүниежүзілік сауда ұйымы бас директорының орынбасары Алан Вульф осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «ДСҰ құрамына кіруге көптеген елдер неліктен мүдделілік танытады? Ұйымға мүше елдердің экономикалары сан-салалы. Олардың ең ірісі — Қытай. Бірақ, Лаос секілді шағын мемлекеттер де экономикасын жолға қойып, жаһандық экономикаға интеграциялануға ниет білдірді. ДСҰ-ның қолдауымен осы трансформация сәтті жүзеге асырылып келеді», — деді Алан Вульф.

    01

    ДСҰ өкілінің айтуынша, ұйымға соңғы болып Либерия мен Ауғанстан мүше болған. Либериядағы азаматтық соғысқа, эбола індетіне, Ауғанстандағы ішкі қайшылықтарға қарамастан, аталмыш елдер ұйымға мүше болуға барынша пейіл білдірген.

    02

    «Қазақстан — үлгі ретінде, модель ретінде бола алады. Бұл мемлекетте экономиканы дамыту үшін аса ауқымды жұмыстар атқарылды. 2015 жылы ЖІӨ адам басына шаққанда 1996 жылмен салыстырғанда айтарлықтай артып, 1300 доллардан 14000 долларға дейін көбейді. Бұл аса үлкен серпіліс. ДСҰ Қазақстанға бұл ретте барынша қолдау білдірді. Қытайда мәселен, жағдай аса күрделі болып тұр. ДСҰ-ға мүше болу үшін Қытайға он мыңдаған заңдар мен ережелерді өзгерту керек болды. Жағдай өздеріңіз білетіндей, әлі де күрделі. Кез келген үлкен алып экономикалар, мәселен Жапония — олардың арасында белгілі бір үйкеліс бар. Әлбетте, бұл үйкелістер күндердің күні реттелер деген сенімдемін», — деді ол.

     

    Алан Вульфтың айтуынша, қазіргі уақытта Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамында 164 мемлекет бар. Жақында тағы екі мемлекет ұйымға мүше болғалы отыр.

    «Қазақстанның ұйымға енуі бірнеше себептерге байланысты оңайға түскен жоқ. Техникалық қиындықтар болды. Президент Қазақстанның ұйымға ену туралы келіссөздерін реттеуге өзі кірісті. Демек, саяси көшбасшылық керек болды», — дейді ол.

    Алан Вульф өз сөзінде Қазақстанның АЭФ секілді шараларды ғана емес, тағы да маңызды отырыстарды өткізіп келе жатқанын тілге тиек етті.

    «Қазақстан — маңызды шараларды өткізуге аса ыңғайлы бірегей мемлекет. Себебі, Қазақстанның барлық ойыншылармен қарым-қатынасы жақсы. Қытаймен, Ресеймен, АҚШ-пен, ЕО-мен қарым-қатынасы жолға қойылған. Өзге мемлекеттер туралы олай деуге келмейді. Қазақстан әлем мемлекеттерінің экономикалық интеграциясын күшейтуге боларлық орын. Менің ойымша, Қазақстан — мемлекеттердің қысқа уақыттың ішінде қалайша алысқа баруға болатынын паш етер бірегей модель. Бұл — табыстың тарихы. Менің ойымша, мұндай үлгі Өзбекстан мен Беларусь секілді мемлекеттерге көп көмектеседі», — деді Алан Вульф.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.