Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Заманауи үлгідегі балабақша ашылды
    Білім

    Заманауи үлгідегі балабақша ашылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.05.2018Updated:15.05.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Айлардың сұлтаны Рамазан айының  бастау алар тұсында Шымкенттегі балабақшалардың саны тағы біреуге толықты. Абай ауданының Қызылжар мөлтекауданынан ашылған заманауи үлгідегі балабақша ғимараты 120 орынға лайықталған. Атауы да ерекше: «HAPPY  LAND». Балалардың бақытты әлеміне өз ұл-қызыңызды сеніммен тапсырыңыз. Дәл  №53 жалпы орта мектебінің тұсында орналасқан балабақша дизайны өзінің сән-салтанатымен ерек. Бұл мөлтекауданда мектепке дейінгі мекемелерге сұраныс көп. Өйткені, халқы тығыз орналасқан шағын ауданнан балабақша кезегінде тұрған балалар саны да аз емес. Енді міне HAPPY  LAND  ұжымы өз қызметін ұсынбақ. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ашылып отырған балабақшаны осы аймаққа белгілі Тәшметовтер әулеті 1 жыл бойына құрылыс жұмыстарын жүргізген. Көздің жауын алар креативті әрлеулер мен заман талабына сай орнатылған қажеттіліктердің барлығы да бүлдіршіндер үшін. Бүгінгі балабақшаның ашылу рәсіміне мөлтекаудан тұрғындарымен қатар зиялы қауым өкілдері де шақыртылған. Көптің сөзі бір арнаға тоғысып жатты. Барлығы да бастау алған осынау істің игілігімен жалғасуы. Кәсіпкерлерге ерекше көңіл бөлініп жатқан Елбасы бағдарламаларын тиімді орындаған кәсіпкер Октам Ергешов зайыбымен бірге балабақша ашуды міндет тұтыпты. 10 жыл мектепте сабақ берген Гүзал Ергешова болса, бүлдіршіндермен етене жұмыс жасау бақытына бөленгеніне қуанышты. Осы тұста Ұлт Көшбасшысының кәсіпкерлерге қолдау көрсеткен бағдарламаларының бірін тиімді пайдаланғандығын ерекше атап өтті.

    http://aigak.kz/wp-content/uploads/2018/05/Салтанат-сайт-31.mp4

    Салтанат ТОЙБОЛОВА.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.