Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ТІЛСІЗ ЖАУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
    Жаңалықтар

    ТІЛСІЗ ЖАУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.05.2018Updated:12.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жаз мезгілінде өзен, көлдердің жағасында уақыт өткізген жақсы. Десе де суға түсу кезінде қарапайым ережелерді сақтамасақ, бақытсыз жағдайларға тап болуымыз мүмкін. Ал, мұндай жағдайда деркезінде, тез және дұрыс шешім қабылдай білуіміз керек. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен шомылу маусымында және өрт қауіпсіздігі кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 113 мектепте онлайн сабақ өткізілуде. Шара М.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназия қабырғасында жалғасын тапты. Айта кетейік, жыл басынан бері 7 қайғылы оқиға тіркеліп, оның ішінде 5 кәмелетке толмаған бала және 2 ер азамат қаза тапқан. Қайғылы оқиғаның алдын алу шаралары бойынша сала мамандары мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың бірқатар сауалдарына жауап берді.

    -Алдыңғы жылдары болған төтенше жағдайлардың мониторингіне сүйене отырып, біздің облысымызда шомылу маусымы сәуір айынан басталып, қыркүйек айын қоса алғанда жалғасады. Ал, 2017 жылы шомылу кезеңінде облыстың су қауыздарында 38 хабарлама түсіп 40 адам қаза болған, оның ішінде 5 оқиға қала аумағында тіркелді, нәтіжесінде 3 кәмелетке толмаған бала және 2 ер азамат қаза болды.

    Адамдардың өлім жағдайлары акваториялардың бақыланбайтын бөліктерінде орын алған. Соңғы жылдары құтқарушылар бақылайтын жабдықталған су қауыздарында адамдар суға батып қайтыс болған оқиғалар тіркелмеген. Осы жағдайларда суға батқандардың себептері: су ағындарының жанында өздерін абайсыз ұстау, жабдықталмаған орындарда шомылу, мас күйде шомылу, су ағындарының қасында балаларды қараусыз қалдыру. Балалар әрдайым ата-анасының қырағы бақылауымен суда жүзуге тиіс, қайғылы оқиғалар көлдің, каналдың, бассейнің, саяз жерінде де болуы мүмкін. Сонымен қатар, ата-аналардың балар өмірі мен денсаулығына жауапты екенін және балалар өмірі мен денсаулығына қауіп келтіретін жерлерде, сулар мен табиғи және жасанды су айдыны жанында балаларды қараусыз қалдырмауы туралы ескерту қажет. Ата-аналарға, Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінің 119 «Қауіпте қалдыру» бабының 2 -тармағы «Ерекше бөлімінің»  мазмұнын жеткізу керек, — дейді  Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Нұржан Қаракөзов.

    Б.Жанысбаева

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.