Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елбасы Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді
    Жаңалықтар

    Елбасы Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.05.2018Updated:11.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекет басшысы отандық БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізіп, өңірді дамытудың негізгі бағыттары және жұмыс сапарының қорытындылары бойынша облыс басшылығына берілген тапсырмалар жөнінде айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

    – Менің тапсырмаларымның бәрі облыста толық орындалуда. Бұл өңірдегі жұмыстардың бастамасы жақсы деп санаймын. Үш жылда 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Тек былтырдың өзінде 35 мектеп салынды, – деді Елбасы.

    Сонымен қатар Қазақстан Президенті «Бес әлеуметтік бастаманың» өңірдегі іске асырылу барысына оң баға беріп, облыстың туристік әлеуетін дамыту қажеттігі туралы айтты.

    – Жұмыс сапарым барысында Алакөлге барып, оның туристік кластерімен таныстым. Барша қазақстандықтарға бізде тамаша демалыс орны бар екенін айтқым келеді. Бұл жер осыған дейін игерілмеген болатын. Оның инфрақұрылымы да, қонақ үйлері де болмаған еді. Бүгінде бұл өңірде бизнес өкілдері белсенді түрде жұмыс істеуде. Көлдің жағасында әлемдік стандарттарға сай келетін бес жұлдызды қонақ үй салынды, – деді Елбасы.

    Нұрсұлтан Назарбаев өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың қазіргі нәтижелері мен алдағы жоспарлары жөнінде әңгімеледі.

    – Мемлекет керемет жайлы «Алматы – Талдықорған» жолын салып берді. Бұл Алакөл арқылы Шығыс Қазақстанға апаратын өтпелі жол болады. Жол салудың арқасында көп жұмыс орны ашылады, – деді Мемлекет басшысы.

    Сондай-ақ, Елбасы өңірдің негізгі экономикалық көрсеткіштері оң қарқын алып отырғанын атап өтіп, облыстың даму барысына тоқталды.

    – Алматы облысы, әсіресе аграрлық салада, бәріне үлгі болып отыр. Өңір экономикасы 4,2 пайызға өсті, бұл еліміздегі орташа көрсеткіштен жоғары. Ауыл шаруашылығы мен құрылыс салалары өркендеп, іске қосылған әлеуметтік нысандар көбейіп келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Сонымен бірге Қазақстан Президенті облыс басшылығы тарапынан ерекше назар аударуды қажет ететін міндеттерге тоқталды.

    – Облыстың бүкіл экономикасы 3-4 ауданда шоғырланған. Оның өзі тек өнеркәсіпті қамтиды. Осы аудандар өңір экономикасының 70 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Басқа аудандар баяу дамуда, осы мәселеге назар аудару керек, – деді Елбасы.

    Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев осы өңірде мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу секторын дамыту қажеттігі жөнінде айтты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.