Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ташкентте «темір генерал» Сабыр Рақымовтың ескерткіші орнына қайтарылды
    Жаңалықтар

    Ташкентте «темір генерал» Сабыр Рақымовтың ескерткіші орнына қайтарылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ташкентте аты аңызға айналған генерал Сабыр Рақымовтың ескерткіші өзінің тарихи орнына қайтарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

    rahimov32

    Монументтің ашылуына Өзбекстан Республикасынң қорғаныс министрі Абдусалом Азизов, Өзбекстан астанасының хокимі Жахонгир Артықходжаев, ардагерлер, әскери қызметшілер мен мектеп оқушылары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.

    «Біздің ескерткішті өзінің бұрынғы орнына қайтарғанына қатты қуанып отырмыз. Мен осы өңірде туылып, өскенімді мақтан тұтамын. Сол себепті бүгін ұлыммен бірге генерал Сабыр Рақымовты еске алып, ұлыма ол туралы айтып беру үшін келдім. Оны қайтарғандары үшін қуанышымызда шек жоқ. Біздің президентіміз Өзбекстан батырларын ұмыттырмау үшін көп нәрсе істеп жатыр», — деді жергілікті тұрғын Олеся Вахидова.

    Сабыр Рақымовтың ескерткішін 1981 жылы ашқан. Ол алғашқы Сабыр Рақымов ауданы хокимияты ғимаратының алдында орын тепкен. 2010 жылдың соңында ауданның атын Алмазар деп өзгертіп, «Сабыр Рақымов» метросы станциясына «Алмазар» деген жаңа атау берген болатын.

    2011 жылы ескерткіш Ташкенттің Чиланзар ауданындағы Гафур Гулям саябағына көшірілді.   Алайда, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Наманган облысындағы жиналыста генералға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру қажеттігін атап өтті.

    Кейін қаһарман Сабыр Рақымовтың ескерткіші бұрынғы орнына қайтарылды. Аудан мен метро станциясының аты Сабыр Рақымовтың есіміне қайта ауыстырылатыны әзірге белгісіз. Еске салайық,  Сабыр Рақымов 1902 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Ол Орта Азиядан шыққан тұңғыш генерал-майор болды.

    И.Сталин оны «темір генерал» деп атаған. 1922 жылы әскер қатарына өзі сұранып, Баку қаласындағы әскери училищеге түседі. Оны үздік бітірген соң, Самарқан қаласындағы атты әскерлер дивизиясындағы полктің взвод командирі болып тағайындалады. Көп ұзамай іскер  командир ретінде көріне білген Сабырды эскадрон командирлігіне өсіреді. 1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғысы басталған алғашқы күндерде ол өзінің қызмет еткен бөлімімен майданға аттанады.

    Сұрапыл соғыс жылдарында ұрысты сауатты ұйымдастыра білгені үшін «Қызыл Ту», «Қызыл жұлдыз», Суворов және Кутузов, «Кавказды қорғағаны үшін» ордендерімен және медальдармен марапатталады. Өкінішке орай, генерал Рақымов Жеңіс күнін көре алмай кетті, 1945 жылы 26 наурыз күні Польшаның Данциг қаласы үшін шабуыл кезінде қаза тапты.

    КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен 1965 жылдың 6 мамырында генерал-майор Сабыр Омарұлы Рақымовқа соғыста көрсеткен ерлігі үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.