Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Тұңғыш теңге дизайнын жасаған авторлардың бірі Тимур Сүлейменов қайтыс болды
    Жаңалықтар

    Тұңғыш теңге дизайнын жасаған авторлардың бірі Тимур Сүлейменов қайтыс болды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Тұңғыш теңге дизайнын жасаған авторлардың бірі, сәулетші Тимур Сүлейменов қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

    Қазаны сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысының орынбасары Алмасхан Ахметжанов растады. Тимур Сүлейменовтің дерттен 10 мамырда таңғы уақытта дүниеден өткені анықталды.

    Тимур Бимашұлы Сүлейменов Қазақстан Дизайнерлер одағының жетекшісі болған. Алматының қала құрылысы кеңесінің құрамына енген.

    Тимур Бимашұлы Сүлейменов — 1943 жылы 14 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының Қарабұлақ ауылында туған. Ленинград құрылыс-инженерлік институтын (1965); В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1970) бітірген, сәулетші. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры. Халықаралық өнер академиясының академигі. ҚР Көркемөнер академиясының құрметті академигі. Қазақстандық дизайн мектебінің негізін салушы. Алматы облысындағы «Черкасск қорғанысының батырларына» мемориалдық кешенінің; Түркістан қаласын қайта құру және тарихи-мәдени туристік орталыққа айналдыру жобасының авторы. Шымкент және Жанатас қалаларын салудың бас жоспарларын әзірлеуге, Түркістан қаласының тарихи аймағын қалпына келтіруге, Қ.А. Яассауи кесенесі айналасындағы тарихи аймақты қайта құру жобасына қатысқан. «ҚР республикалық стилі» кешенді мемлекеттік дизайн-бағдарламасының бастаушысы; ұлттық валюта дизайнын жасау, бейнелемені жобалау, Республикалық гвардияның салтанатты және күнделікті киім түрлерін жобалау, ҚР Қарулы Күштері дизайн-бағдарламаларын жасау, т.б. топтарының жетекшісі.

    Астана қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдың және «Атамекен» этно-мемориалдық саябағының, Аңырақай шайқасындағы қазақ халқының жоңғарларды жеңуіне арналған монументтің тең авторы; Мәскеу қаласындағы Абайға ескерткіштің авторы және оны салған ұжымның жетекшісі. Талдықорған орталығын, Ақтау қаласындағы бірқатар объектілерді қайта құруды басқарған. Алматы және Астана қалалары дизайн-бағдарламаларының жетекшісі. Астана және Алматы қалаларының орталықтарын дамыту жобаларының авторы. Бірқатар кітаптар дизайнының авторы. 1959 жылдан — әрқилы қарапайым жұмыстарды атқарған. 1965 жылдан — «Қазқалақұрылысжобалау» жобалау институтының сәулетшісі, Алматы қаласы Калинин ауданының бас сәулетшісі. 1968 жылдан — «Алмаатагипрогор» институтында сәулетшілер тобының жетекшісі, «Қазқалақұрылысжобалау» институтының жобалар бойынша бас сәулетшісі. 1982 жылдан — Қазақстанның Көркемдік қорының бас суретшісі, қалалық ортаның дизайны шеберханасының жетекшісі. 1987 жылдан — «Қазақстан Дизайнерлер одағы» РҚБ-ның негізін салушы, президенті. «ДАРТ» шығармашылық-өндірістік кәсіпорнының директоры. ҚР Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты. «Бәйтерек» республикалық сыйлығының лауреаты. «Парасат» (2005) орденімен; «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері. ҚР Құрметті сәулетшісі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.