Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елбасы Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
    Жаңалықтар

    Елбасы Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Президенті Алматы облысының Үшарал қаласына келгеннен кейін жаңа әуежайдың жұмысымен танысып, облыстың шағын авиация саласын дамыту перспективалары жөнінде мәлімет алды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

    001

    Мемлекет басшысы Алакөл ауданының Ақши кентіндегі темір жол вокзалының жаңа ғимаратын аралап көрген соң, еліміздің туризм саласын және көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

    Жиын барысында өңір басшысы Амандық Баталов Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысындағы туризмнің даму барысы жөнінде баяндады.

    003

    Соңғы төрт жылда облыста туристік қызмет көрсету көлемі екі есе артты. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 3,9 миллиард теңгені құраса, 2017 жылы 8,3 миллиард теңгеге өсті. 2018 жылы мұны 10 миллиард теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Алакөл ауданында көрсетілген қызмет көлемі 2017 жылы 3,5 миллиард теңгеге жетіп, 2014 жылғы деңгеймен салыстырғанда 8 есе артты, – деді Алматы облысының әкімі.

    Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға қатысты бөлігінің іске асырылу барысы жөнінде баяндады.

    2017 жылы республикалық маңызы бар 4 мың шақырымнан астам автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде 603 шақырым жол пайдалануға берілді. Жалпы, 2022 жылға дейін 24 мың шақырым жолдың бәрі бір қалыпқа келеді деген ойдамыз, – деді Инвестициялар және даму министрі.

    Сондай-ақ, кеңесте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев Мемлекет басшысына 2020 жылға дейінгі Алакөл демалыс аймағындағы көліктің қолжетімділік картасын таныстырып, транзиттік тасымалдау ісін дамыту стратегиясының жүзеге асырылуы барысы жөнінде баяндады.

    Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ішкі және сыртқы туризмді дамыту жолында барлық кедергілерді жою мақсатымен Қазақстан халқына арналған Жолдауда берілген тапсырмалардың іске асырылуы, сонымен қатар ЭКСПО-ның тиімді өзгерістерін қолдау үшін министрлік тарапынан атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

    Еліміз туризмнің экономикалық нәтижесін ЭКСПО-ны өткізу барысында нақты сезінді. Сол кезде Қазақстанға 7 миллионнан астам турист келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық. Ішкі туризм легі 20 пайызға өсіп, шамамен 6 миллион адамға жетті, – деді ведомство басшысы.

    Нұрсұлтан Назарбаев кеңестің және туристік кластер нысандарын аралаудың қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті ақтарушы органдарға Қазақстанның туризм саласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

    Алакөл Қазақстан бойынша демалушылар ең көп баратын жерге айналуы керек. Ол ыңғайлы жерде орналасқандығымен ерекшеленіп, барлық өңірдің тұрғындары үшін қолжетімді болып отыр. Көлдің кереметтігі суының емдік қасиетіне байланысты. Оның құрамында радон, сілті және басқа да пайдалы элементтер бар. Осыған байланысты Алакөл еліміздің туризм саласы үшін өте маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.