Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Батырлардың есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды
    Жаңалықтар

    Батырлардың есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Күндей күркіреп өткен соғыстың аяқталғанына да — 73 жыл. Еліміздің барлық облыс, қалалары тарих үшін таспен қашалған Ұлы күнге арналған салтанатты жиынды кең көлемде атап өтуде. Осы орайда, Отырар ауданы да аталған шараны жалпыхалықтық көлемде ұйымдастырды.

    fb_img_1525883492214
    Ең әуелі, мерекеге жиналған көпшілік жеңіс жолында шейіт кеткен майдангерлерге арналған «Мәңгілік ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құран бағыштады.
    Аудандық мәдениет үйі фойесінде тарихтан сыр шертер әскери тақырыптағы көрме қойылып, қонақтар мен аудан халқы отырарлық майдангер азаматтар мен олар туралы деректер жөнінде мол мәлімет алып, өткенге көз жүгіртті.
    Ал, адамзат баласына бейбіт өмір сыйлаған «Ұлы Жеңіс» тақырыбындағы театрландырылған көрініс көпшілікке мол әсер қалдырып, жанарларға жас ұялатты.
    «Өткенімізге шегініп қарайтын болсақ, осыдан 73 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Сол бір сұрапыл жылдарда 4000-ға жуық отырарлықтар майданға аттанып, 2466 боздақ туған жерге оралмады. Олардың есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды» -деген аудан басшысы Айтаханов Ерлан Қуанышұлы шараға жиналған қауымды әрбір жүректе ерекше орны бар ең ұлы мерекемен құттықтады.

    fb_img_1525883506561

    fb_img_1525883467910
    Аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов  мыңдаған боздақтардың қанымен келген ештемеге бергісіз Ұлы Жеңіс әрбір ұрпақтың патриоттық сезіммен қорғайтын ең асыл аманаты екендігін жеткізді.
    Салтанатты жиынға қатысушылар концерттік бағдарламадан соң, ардагерлерге арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. Мерекелік іс-шара аудан ардагерлері арасында өткен бильярд ойынына жалғасты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.