Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың тіркеу туралы
«ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 89-бабына сәйкес ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 2 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидатты мынадай құрамда тіркеді:
- Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы — 7.11.1951 ж.т.., қазақ, «Егемен Қазақстан» республикалық газет» АҚ президенті, Астана қаласында тұрады
- Божко Владимир Карпович — 16.05.1949 ж.т., орыс, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, Астана қаласында тұрады
- Жұмаділдаева Наталья Васильевна — 29.03.1965 ж.т., мордва, Оқушылар және жасөспірімдер үйінің директоры, Қызылорда қаласында тұрады
- Ким Роман Ухенович-08.05.1955 ж.т., корей, «Қазақстан корейлері қауымдастығы» РҚБ президенті, бесінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Астана қаласында тұрады
- Микалеян Наринэ Гамлетовна — 06.04.1983 ж.т., армян, «Луйс» армян мәдени орталығы» ҚБ төрайымы, Алматы қаласында тұрады
- Мурадов Ахмет Сейдарахманович — 20.07.1951 ж.т., чешен, «Вайнах» Қазақстан чешендері мен ингуштары қауымдастығының тең төрағасы, бесінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Астана қаласында тұрады
- Нурумов Шаймардан Усаинович — 15.11.1950 ж.т., ұйғыр, «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ҚБ төрағасы, Алматы қаласында тұрады
- Тимошенко Юрий Евгениевич — 08.06.1962 ж.т., украин, «Қазақстан украиндары радасы» ЗТБ төрағасы, бесінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Астана қаласында тұрады
- Хахазов Шакир Хусанович — 05.07.1958 ж.т., дүнген, «Дүнген этомәдени орталықтарының қауымдастығы» ҚБ басқармасының мүшесі, «ОСК-стройсервис» ЖШС директоры, Астана қаласында тұрады