Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Аудан басшысы ардагерлерді мерекемен құттықтады
    Жаңалықтар

    Аудан басшысы ардагерлерді мерекемен құттықтады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ұлы Жеңіс мерекесінің 73 жылдығы қарсаңында Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы Ұлы Отан соғысы ардагерлері Сейдахан Дәуренбеков, Несіпбай Нахыпов пен Тұрғанбай Сәбитовтің және  Хадиша Бекқұлиева әженің шаңырақтарына барып, тарихи мерекемен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

    received_627230064284181
    Тек мереке кезінде ғана емес, ұрпақ баласының жарқын болашағы үшін жанқиярлықпен ерлік көрсетіп, жастық өмірін майдан даласының өмір мен өлім арасындағы арпалысына арнап,  патриоттық сезімнің жарқын үлгісін көрсеткен ардақты жандардың жағдайы мен тыныс-тіршілігінен хабар алып, отбасыларына жиі бас сұғып отыратын аудан басшысына қариялар да шексіз алғысын білдіріп, ақ баталарын беріп жатты.

    received_627230204284167

    Зұлмат шақта Отырар ауданынан 4000-нан аса азамат ұрыс алаңына аттанса, қазіргі таңда, үш Ұлы Отан соғысы ардагері мен төрт жүз жиырма жеті тыл еңбеккері бар.

    «Ерлік пен қайсарлықтың, өжеттіктің арқасында қасық қаны қалғанша   жауымен айқасып, болашағына көз тіккен теріс пиғылдан ел ертеңін азат ету жолында патриоттық рухының асқақтығын көрсеткен қарулас достардың әрқайсысының бейнесі көз алдымда. Ақ қар, көк мұзда туған жер топырағына жете алмай көз жұмғаны да қаншама. Біз көрген соғысты ұрпағымыз көрмесін. Еліміздің бейбіт өмірі мәңгілік болсын! Боздақтардың ерлігімен келген бақытты өмірдің қадірін ұғынып, аманатына адал болу әрбір азаматтың басты міндеті»-деп, 96 жастағы Нахыпов Несіпбай қария соғыс жылдарын еске алды.

    Ел ардақтыларына облыс әкімі Түймебаев Жансейіт  Қансейітұлының да ізгі тілегі мен сый-сияпатын табыс еткен аудан әкімі ардагерлердің иығына зерлі шапан, асыл ана басына ақ орамал жауып, бүгінгідей бейбіт күннің жолында зұлым жаумен жан аямай шайқасып, тылда да күні-түні тынбай еңбек еткен абзал жандарға перзенттерімен бірге бақытты да баянды ғұмыр сүрулеріне тілектестік білдірді.

    received_627230154284172

    fb_img_1525508636770-1

    Сонымен қатар, Отырар ауданында айтулы мерекелерге орай ауыл шаруашылығы мен жергілікті тауар өндірушілері өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

    received_627222000951654

    Мерекелік жәрмеңкеде кәсіпкерлер мен дихандар тұрғындардың күнделікті тұрмысына қажетті азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен бағада ұсынды. Таңертеңнен басталған игі шарада құс еті мен жұмыртқа, балық өнімдерімен қатар,  картоп, қызанақ, ет-сүт, қымыран өнімдеріне сұраныс артты.

    received_627221990951655

    Отырар ауданында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесін тұрақты түрде өткізу дәстүрге айналған. Айтулы бастамаға халықтың да айтар алғысы мол.

    Сондай-ақ, отырарлықтар 7 мамыр — Отан қорғаушылар және 9 мамыр-Ұлы Жеңіс күні мерекелеріне ерекше дайындық үстінде. Жалпы аудандық деңгейде ұйымдастырылатын шарада көптеген тәрбиелік-танымдық бағытты айқындап, әрбір жанға ерекше ой саларлық жаңаша бағдарламалар кең көлемде дайындалуда.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.