Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Нұрсұлтан Назарбаев Алматының SmArt.Point стартап алаңына барды
    Жаңалықтар

    Нұрсұлтан Назарбаев Алматының SmArt.Point стартап алаңына барды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекет басшысына орталықтың жетекші стартап жобалары («Chocofamily» компаниялар тобы, Nommi жобасы және SmartSatu платформасы) таныстырылды. Олар тағамға тапсырыс беру және әуе билеттерін сату жөніндегі интернет-гипермаркет, тауар жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы тауар айналымына арналған алаң, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша интернетке жылдам әрі мейлінше ыңғайлы қосылуды көздейтін Wi-Fi роутер әзірлемесі ретінде жұмыс істейді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

    Елбасы мемлекет тарапынан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуына зор мән беріліп отырғанын атап өтті.

    – Арнайы министр мен вице-премьер тағайындалды, әр министрлікте осы мәселелермен айналысатын адамдар бар. Біз әлемде болып жатқан үдерістен қалып қоймауымыз керек. Біз цифрландырудың арқасында, әсіресе, өндіруші компаниялардың еңбек өнімділігін жылдам арттыра аламыз деп үміттенемін, – деді Қазақстан Президенті.

    «Chocofamily» интернет холдингінің негізін қалаушылардың бірі әрі бас директоры Рамиль Мухоряпов Нұрсұлтан Назарбаевқа ІТ-саласы мен жалпы цифрландыру үдерісіне зор мән беріп отырғаны үшін алғыс айтты.

    – Біз ІТ-қоғамдастығы атынан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы үшін өзіңізге шынайы ризашылық білдіреміз. Біз соның арқасында өркендеп келеміз. Ақпараттық технологиялардан басқа бірде-бір сала мұндай жылдамдықпен дами алмайды. Біз Қазақстандағы интернет нарықтың көшбасшысы болып қана қоймай, халықаралық деңгейге де жетіп, үлкен компаниялар құра алатынымызға сеніміміз зор, – деді компания басшысы.

     Елбасына мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерімен қамтылмаған, қалыптан тыс өмірлік ахуалды реттеу жөніндегі «OpenАlmaty» қоғамдық қабылдау орнының жұмысы таныстырылды. Оған 7 айдың ішінде 18 396 өтініш түсіп, олардың 78 пайызы сол жерде жедел шешімін тапты.

    ***

    SmArt.Point жобасы – Алматыдағы технологияларды дамытуға арналған кеңістік. Онда жоғары технологиялар мен креативті бизнес саласында жұмыс істейтін 40 компания орналасқан. Олардың жиынтық ақша айналымы 100 миллион доллардан асады. Қызмет ету бағыттары электронды сауда, қаржы технологиясы, автоматтандырылған логистика, медиа, компьютерге арналған бағдарламаларды әзірлеу, телекоммуникация, блокчейн, заңгерлік және бухгалтерлік қызмет көрсету аутсорсингі, білім технологиялары сияқты салаларды қамтиды.

    IT-хаб жалпы көлемі 9000 шаршы метрді қамтитын екі қабатты ғимаратта орналасқан. Мұнда бір мезгілде жеке орындарды немесе 7-8 қызметкерге арналған офистерді жалға алатын 700 адамға дейін жұмыс істей алады.

    Бұл нысан аптаның жеті күнінде 24 сағат бойы ашық тұрады. Мұнда келіссөз жүргізуге арналған бөлмелер, ойын алаңдары және спорт залы бар. Әртүрлі мамандық пен салалардың өкілдерін біріктіретін орталық коворкинг қағидаты бойынша салынған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.