Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді
    Жаңалықтар

    ОҚО-да ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысында Жеңістің 73 жылдығына орай майдангерлерге құрмет көрсетілді. Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» қабылдау үйінде ардагерлерге арнап мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

    Мерекелік жиынға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен және тыл еңбеккерлеріне сый құрмет жасап, бейбіт өмір сыйлаған аға ұрпаққа алғыстарын жеткізді.

    Бүгінгі еліміздің өркендеуі мен бірліктің бұзылмас қамалы осынау мерекенің жемісі, ардагерлердің ерлігі екенін айтқан өңір басшысы   арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне ұдайы қамқорлық көрсету бүгінгі ұрпақтың перзенттік парызы екенін атап өтті.

    «Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ерліктеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Сіздердің және ерлігімен есімдері тарихымызда жазылған батыр бабалардың алдында өлшеусіз қарыздармыз. Елбасымыз майданнан оралмаған жауынгерлеріміздің есімдерін мәңгі ел есінде сақтауда және арамызда жүрген ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлерін ардақтауда әрқашан мемлекеттің қамқорлығы болатынын айтып, жарқын бастамаларға жол ашып келеді. Сондықтан да ақтаңдақ жылдардағы ел азаматтарының жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне біз әрдайым құрметпен бас иеміз»,-деді облыс әкімі.

    Сонымен қатар мерекелік кездесу барысында облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары мен майдан және тыл ардагерлері сөз сөйлеп, қазіргі кезде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан құрмет, қолдауларға ризашылықтарын білдірді. Шара концерттiк бағдарламамен өз жалғасын тапты.

    Жалпы Ұлы Отан соғысына Оңтүстік Қазақстан өңірінен 140 мыңнан астам адам аттанып, олардың жартысына жуығы туған жерге оралмаған. ІІ Дүниежүзілік соғыста жанқиярлық ерлігі үшін оңтүстікқазақстандық 51 азамат Кеңес Одағының батыры атағы, 8 майдангер «Даңқ» орденінің иегері атанды. Жаужүрек қайсарлығы үшін мыңдаған ардагерлеріміз түрлі орден, медальдармен марапатталды. Бүгінгі таңда өңірімізде 174 Ұлы Отан соғысының ардагері, 4885 майданға қатысушылар мен мүгедекке теңестірілгендер және 15733 тыл еңбеккерлері бар.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.