Суретте: Елбасының курстасы, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Марат Қыстаубаев, Созақ ауданының «Құрметті азаматы» Жұмабек Жүнісұлы, еңбек ардагері Махмұдбек Мухамедов, Шардара ауданының «Құрметті азаматы» Жанзақ Әлібеков.
Суретте: Созақ ауданының «Құрметті азаматы» Жұмабек Жүнісұлы
Тарихи орындардан бастау алған «Айғақ» телеарнасының арнайы жобасының назарынан теңіз деңгейінен 500 метр биіктікте орналасқан Жанике ханымның кесенесі де тыс қалған жоқ. Тарихы ХV ғасырға тиесілі Жанике ханымның кесенесі бүгінгі күнге дейін сол күйінде сақталған. Чуфут-кале үңгір қалашығының оңтүстік-батысына қарай жар басында бой тіктеген. Алтын Орда хандығының тарихи мұраларымен тығыз байланысты. Бахчисарай тұрғындары бұл кесенені заманында «Кале-Азиз», «Кыз-Азиз» деп те атаған. 1437 жылы Тоқтамыс ханның бұйрығымен, қайтыс болған қызы Жаникеге арнап кесене тұрғызылады. Жанике кесенесінің солтүстігінен Қырым тауларының әдемі көрінісі мен Ашлама-дере жазығының керемет көрінісінің куәсі бола аласыз.
Делегация құрамындағы Елбасының курстасы, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Марат Қыстаубаев, жауынгер Нұрмахан Тұрсынбековтың жиен қарындасы Айымхан Баймаханова, Созақ ауданының «Құрметті азаматы» Жұмабек Жүнісұлы, еңбек ардагері Махмұдбек Мухамедовтер аталмыш орындарды аралап, жергілікті халықтың мәдениетімен таныс болды. 

