Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қытайлық инвесторлар ОҚО-да қорғасын қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт салуды жоспарлауда
    Жаңалықтар

    Қытайлық инвесторлар ОҚО-да қорғасын қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт салуды жоспарлауда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Қазақстандағы Қытай Халық Республикасы Шэньси провинциясы Үкіметі өкілдігінің басшысы Чэн Хэ бастап келген инвесторлармен кездесті, деп хабарлады ОҚО облыс әкімінің ресми сайты. Бас қосуда тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланысты арттыру, бірлескен жобалар құрып, облыс аумағында кәсіпорындар ашу жайын талқылады.

    Кездесуде облыс әкімі қонақтарды өңіріміздің экономикалық әлеуетімен таныстыра келе, өндіріс орындарын ашуға ниетті инвесторларға барынша жағдай жасалатынын жеткізді.

    «Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан мен Қытай арасында стратегиялық байланыс орнаған. Нәтижесінде екі ел арасындағы тауар айналым 10,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Бір ғана біздің облыстың өзінде қытайлық компаниялардың қатысуымен 5 бірдей жоба жүзеге асып отыр. Болашақта өздеріңізбен дипломатиялық қарым — қатынасты нығайта отырып, инвестициялық жобаларды жүзеге асырамыз деген ойдамыз», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Өз кезегінде қонақтар облысымызда қорғасын және мырыш қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт салуға ниетті екенін жеткізді. Жалпы құны 4,8 млрд. теңгені құрайтын жоба жылына 300 мың тонна қалдықты өңдеуге қауқарлы. Зауыт іске қосылса, 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

    Сондай-ақ, өңір басшысы қытайлықтарды екі жақты меморандум түзуге шақырды. Осының негізінде облысымызда өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерін Қытайға экспорттау жайын ақылдасты. Одан бөлек, электр қуатымен жүретін көлік шығаратын зауытты оңтүстіктен салуды ұсынды. Қонақтар бұл ұсыныстарға қызығушылық танытып, аталған жобаларды бірге жүзеге асыруға дайын екенін айтты.

    Жиын соңында қос тарап бір-біріне сый-сияпат жасап, естелікке суретке түсті.

    Дереккөз: ҚазТАГ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.