Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстік жыл соңында сандық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшеді
    Жаңалықтар

    Оңтүстік жыл соңында сандық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшеді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.05.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директоры Елдос Нәшірәлінің және «Қазтелерадио» АҚ-ның тұтынушыларды қолдау және сату орталығы директоры Ғани Тұматовтың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Брифингте спикерлер облыстың сандық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшуі желтоқсан айына жоспарланғанын хабарлады.

    Спикерлер жаңа форматқа көшуді қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыстың атқарылғандығын атап өтті. Атап айтқанда, 79 радиотелевизиялық станциялар салынып, олардың тарату аумағы 2,4 млн. халық тұратын 860 елді мекенді қамтыды. «Телерадио хабарларын тарату» Заңында телерадионың хабар таратуы жаңа форматқа көшетінін халыққа алдын — ала хабарлау керектігі көрсетілген. Осыған байланысты облыс әкімдігінде жиын өтіп, онда сандық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшуді қамтамасыз ету іс-шаралар жоспары бекітілді.

    «Сандық эфирдің аналогтық жүйеден айтарлықтай артықшылықтары бар. Атап айтқанда, сандық технология арқылы жоғары сападағы бейне мен дыбысқа қол жзеткіземіз. Сондай-ақ, таралымы ауқымды және әлдеқайда көп телеарналарды көру мүмкіндігі туады. Мәселен, облыс орталығында 30 арнаға дейін, ал ауылдағы көрермендер кемінде 15 арнаны тамашалай алады», – деді Елдос Нәшірәлі.

    Қазіргі уақытта облыста дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың аяғына дейін Манғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының сандық таратылымға көшуі жоспарлануда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.