Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елбасы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянды қабылдады
    Жаңалықтар

    Елбасы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянды қабылдады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.05.2018Updated:03.05.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Кездесу барысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысының күн тәртібі, сондай-ақ еуразиялық интеграцияны одан әрі нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің жоғары нәтижелеріне тоқталып, өзге елдер тарапынан бұл бірлестікке қызығушылықтың артып отырғанын атап өтті.

    – Өткен 2017 жыл табысты болды. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы 27 пайызға артты. Бірлестігімізге деген зор қызығушылықтың бар екенін көріп отырмыз. Бүгінде бізбен 40-тан астам ел ынтымақтастық орнатты. Біз сіздермен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммиті қарсаңында кездесетін боламыз, оның күн тәртібіндегі барлық мәселе келісілген. Біз күрделі мәселелерді, соның ішінде санкцияға қатысты мәселелерді де талқылайтын боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Тигран Саркисян Мемлекет басшысын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, еліміздің өркендей беруіне ниеттестігін білдірді.

    – Мен Кеңестің тапсырмасы бойынша Сізбен бірқатар мәселелерді талқыласам деп едім. Атап айтқанда, Жоғары Кеңес отырысын қалай тиімдірек өткізіп, қандай проблемаларға ерекше мән беру қажет екенін анықтауға, сондай-ақ интеграцияны нығайта түсуге қатысты мәселелер бар, – деді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы.

    Кездесу соңында Т.Саркисян Қазақстан Президентіне Еуразиялық экономикалық комиссияның қазіргі жұмыстары жөнінде мәлімдеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.