Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ынтымағы жарасқан елдің ырысы артады
    Жаңалықтар

    Ынтымағы жарасқан елдің ырысы артады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.05.2018Updated:01.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мерекелік шараның шымылдығы театрландырылған музыкалық қойылымымен ашылды. Сахна төріне шыққан түрлі ұлт өкілдері Қазақстанның бірлігі мен ынтымағын ұлықтап, қазақ еліне алғыстарын жеткізді. Достық пен берекенің мейрамында   алғашқы болып сөз алған аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев Оңтүстікқазақстандықтарды  1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен  шын жүректен құттықтады.

    66

    «Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі — бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында ел аумағында жүзден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Осының нәтижесінде Қазақстан ынтымағы жарасқан, ырысы артқан елге айналды.  Мемлекетіміздің басты байлығы – қоғамдағы келісім мен татулықты сақтау ісіне әрбіріміз жауаптымыз. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болып, баршаңыздың шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    88

    Кейін облыс басшысы өңірдегі этно-мәдени орталық өкілдеріне «Бауырмал» сыйлығын тапсырды. Олардың қатарында облыстық «Ынтымақ» ұлтаралық мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Төлепова, облыстық «Татар-башқұрт мәдени орталығы» бірлестігінің төрайымы А.Мухамедова, «Қазақстан кәрістері ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Р.Пак , облыстық түрік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов сынды орталық басшылары бар.

    100

    Мерекелік шара «Көңілді дастархан»  — вокалды хореографиялық композициямен және «Әлем ырғағы» атты түрлі ұлт аспаптардың орындауында музыкалық қойылыммен жалғасын тапты.

     

    55

    44

    22

    Шара соңында облыс әкімі   түрлі мәдениет орталықтарының  арнайы көрмелерін  тамашалады. Мерекеге орай этнос өкілдері көпшілік назарына  салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарын танытатын тұрмыстық заттарын қойған. Айта кетейік, алдағы уақытта 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде қазақ эстрада жұлдыздарының концерті өтіп, кеш соңы  отшашуға ұласатын болады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.