Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ынтымақты елдің ырысы мол
    Жаңалықтар

    Ынтымақты елдің ырысы мол

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.05.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев оңтүстікқазақстандықтарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Құрметті оңтүстікқазақстандықтар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын!

    Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.

    Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің этносаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында ел аумағында жүзден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Осының нәтижесінде Қазақстан ынтымағы жарасқан, ырысы артқан елге айналды.

    Бүгін біз Ұлы даланың ұлағатымен Мәңгілік Ел құруға қадам бастық. Күн сайын құбылған замананың иіріміне төтеп беретін қуатты мемлекетті қалыптастырдық. Елеулі өзгерістер қоғамның барлық саласын қамтып отыр. Жалпыұлттық жаңғыру саяси-экономикалық салалармен қатар, азаматтық санаға да серпіліс алып келмек.

    Осы тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясының берекелі шаңырағына топтасқан этностар қашанда елдігімізді танытар игі бастамаларға қолдау білдіріп, ырысты ынтымағымыз бен берекелі бірлігімізді бекемдеу жолында жүйелі жұмыс істеуде.

    Халқымызда «Бір күн ұрыс болған жерден қырық күнге дейін береке кетеді» деген даналық бар. Осыны мықтап ұстанған біздің ел біртұтастықты ту етіп, ауызбіршілікті мақтан тұтады.  Мемлекетіміздің басты байлығы – қоғамдағы келісім мен татулықты сақтау ісіне әрбіріміз жауаптымыз. Мемлекет құраушы ұлттың қайсібір тарихын парақтасақ та ең алдымен ынтымаққа, татулыққа үндейтін ұлағатты өсиеттеріне кезігеміз. Парасатты елдің пайымдауы да жоғары болмақ. Ынтымағы жарасқан қоғамның ырысы артады.

    Құрметті жерлестер! Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын! Баршаңыздың шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін! Отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.