Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Әлия Назарбаева қазақстандық бизнесмендерге кеңес берді
    Жаңалықтар

    Әлия Назарбаева қазақстандық бизнесмендерге кеңес берді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.04.2018Updated:30.04.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Әлия Назарбаеваның пайымдауынша, қазақстандық бизнесмендер “жасыл жолға” түсіп, алда келе жатқан өзгерістерге дайын болуы тиіс.

    Қазақстан Президентінің кенже қызы Астанада сөйлеген сөзінде жаңа Экологиялық кодексте “жасыл экономика” терминін заңмен бекітіп, квота беру және көміртек бірлігін сату жүйесін қайта іске қосуды ұсынды.

    “Экологиялық реттеуге қатысты ұстанымымызды қайта қарауымыз керек. Ойымды түсіндіре кетсем, мен бизнеске жоғары экологиялық талаптар қоюды сұрап отырған жоқпын. Мемлекет бизнестің “жасыл жолға” қадам басуы үшін тиімді ынталандыру жасауы тиіс. Мысалы, Елбасының тапсырмасымен құрылып жатқан жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығы “жасыл” технологияны енгізуге үлесін қосып, “жасыл” бизнеске жол ашуы қажет”, — деді экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрайымы Әлия Назарбаева.

    Оның мәлімдеуінше, соңғы кездері экологияның нашарлауы халыққа күн сайын кері әсерін тигізіп жатыр. Бұған ішінара қазіргі экологиялық заңнаманың қауқарсыздығы да айыпты. Әлия Назарбаева айтып өткендей, 2007 жылы қабылданғалы бері Экологиялық кодекске 63 рет өзгерту енгізілген.

    Назарбаеваның пікірінше, 2030 жылға дейін парниктік газдардың бөліну мөлшерін 15%-ға дейін қысқарту міндеті Қазақстан үшін біршама тәуекелдерге әкеп соғады. Пайымдауларға сәйкес, климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конвенциясы аясындағы конференцияда елдерді өз міндеттіліктерін орындауға мәжбүрлеуі мүмкін.

    “Отандық бизнесте 2020 жылы өзінің шектеулері, тәуекелдері мен пайдасы бар жаңа орта қалыптасады. Ұлттық міндеттемелер орындалмаса, отандық тауарлар әлем нарығына шығарылмай, оларға қарсы экономикалық санкция қабылдануы мүмкін”, — дейді Назарбаева.

    Дереккөз: Stan.kz.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.