Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Атестаттаудан өткен мұғалімдердің санаты бойынша үстемақы беріледі
    Білім

    Атестаттаудан өткен мұғалімдердің санаты бойынша үстемақы беріледі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.04.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биыл 1 қыркүйектен бастап аттестаттау қорытындысы бойынша мұғалімдерге білімділік санаты үшін үстемақы енгізілді. Бұл туралы ҚР БҒМ вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

    Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес, педагогтардың мәртебесін арттыру шеңберінде бүгінгі таңда ҚР БҒМ педагогикалық қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыстар атқарып жатыр.

    Вице-министр, осы жаңа жүйедегі педагог қызметкерлердің ұлттық квалификация тесті және сертификаттау қағидаттары мен сатылары туралы түсіндірді.

    «Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында еліміздің одан әрі дамуы бойынша біраз мақсат-міндеттерді айқындап берген болатын. Соның ішінде, әдеттегідей білім саласына аса үлкен көңіл бөлінді. Жалпы, биылғы жылы мұғалімдердің жалақысы өсетін болып жатыр. Бұл біз үшін қуанышты жағдай. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен мұғалімдердің жалақысы 30% өсіп жатыр. Сонымен қатар, 30%-дан бөлек қосымша үстемақы қарастырылып отыр. Өзінің біліктілігін анықтап, ұлттық біліктілік тестін тапсыратын біздің әріптестерімізге одан бөлек 30-дан 50%-ға дейін үстемақы қосылайын деп жатыр», — деді Асхат Аймағамбетов.

    Сондай-ақ, министрлік өкілі бұл тестілеу қалай жүргізілетіні туралы және бұрынғы тестілеулерден айырмашылығы қандай екенін түсіндіріп өтті.

    «Бұл мәселені біз қаңтар айынан бастап, 4 ай бойы өзіміздің әріптестерімізбен, әдіскерлер және ұстаздармен бірлесіп жан-жақты талқыладық. Еліміздің барлық өңірлеріне барып, әдейілеп тұрып ұстаздармен келісіп сөз қозғаған болатынбыз. Әрине, әртүрлі ойлар, пікірлер болды. Бірақ, қазіргі күні біз ортақ мәмілеге келдік деп айта аламыз», — деді вице-министр.

    Оның айтуынша, ҚР БҒМ 2018 жылғы №83 бұйрығымен педагогикалық қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. Құжат бойынша 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аттестаттау қорытындысымен мұғалімдерге білімділік санаты үшін үстемақы алады.

    «Ең алдымен аттестаттаудан мұғалімдер өз еркімен өтеді. Кімде-кім 30-50%-ға дейін үстемақы алғысы келсе, біздің азаматтар өздерінің өтініштерін беріп, бірінші кезеңде – ұлттық тестілеуден өтеді. Ол ағымдағы жылғы 26 мамыр мен 5 маусым аралығында, екінші рет – 1-10 қараша аралығында өтеді. Ол «Оқу пәнінің мазмұны» және «Оқу әдістемесі» модульдер бойынша өтеді. 70% — пәндік білімге және 30%- педагогика мен әдістемеге бағытталған. Екінші кезең қызмет – нәтижелерінің кешенді талдамалық қорытындысы. Ол ағымдағы жылдың 31 шілдесінен 15 желтоқсанға дейін өткізіледі», — деп түсіндірді ол.

    Оның айтуынша, бүгінгі күні 60 мыңнан астам ұстаз өтініш берген. Ал, бұрындары тек 13-14 мың өтініш түскен.

    «Бұрын 2-ші, 1-ші және жоғарғы категория болды. Қазіргі жаңа жүйе бойынша енгізіліп отырған категорияларға сәйкес бұл көрсеткіш бірнеше рет көбейді деп айта аламыз. Өйткені, бұрынғыдай 5 мың, 8 мың, 17 мың емес, ол жалақының — 30, 35, 40, 50 пайызы болады. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Биылғы жылы мұғалімдер тест тапсыратын болады. Бұл жерде айта кетер жаңалық жоқ. Себебі, бізде көптен бері енгізіліп келе жатқан осы бұрынғы жүйенің өзінде де біздің ұстаздарымыз тест тапсыратын, бірақ бұл тесті барлығы емес, тек мерзімінен бұрын категория алушылар ғана тапсыратын. Енді, қазір тест тапсыру барлық мұғалімдерге тиісті болып отыр», — деп түйіндеді БҒМ вице министрі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.