Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ҚР Ұлттық банкі: Ипотекасын өтей алмағандар тұрып жатқан үйін жалға ала алады
    Жаңалықтар

    ҚР Ұлттық банкі: Ипотекасын өтей алмағандар тұрып жатқан үйін жалға ала алады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Екінші деңгейлі банктер қаржысы толығымен төленбеген үйді өз борышкерлеріне жалға беретін болады. Бұл туралы дөңгелек үстел отырысында Ұлттық банктің сыртқы коммуникациялар және қаржы мәселелері бойынша тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі департамент директоры Александр Терентьев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Ипотека бойынша борышкерлердің қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру барысында ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктердің алдындағы өз борыштарын өтей алмайтындардың көрсеткіші жалпы арызданғандардың 15-20 пайызын құрайтынын анықтады.

    Департамент ұсынған ақпаратқа сай, бағдарлама талаптары бойынша борышкерлер арызы қаралып жатыр. 2016 жылдың 1 қаңтарына дейінгі арыздарға Ұлттық банк құрған арнайы комиссия талдау жасап, әлеуметтік жағдайына байланысты банк алдындағы борышын өтей алмайтын азаматтар реті анықталды. Олар екінші кезеңде ипотека келісімі бойынша төлеуге тиіс пайыздық мөлшерлемелерінен толығымен арылады. Нақтырақ айтар болсақ, екінші деңгейлі банктің ипотекаға қойған үстемеақысы бағдарлама аясында жойылады. Ал ипотека төлемі теңгенің құнсыздануына дейінгі, яғни 2015 жылдың 18 тамызы күнгі валюта бағамы бойынша анықталады.

    «Үшінші кезеңде, екінші деңгейлі банктер қаржысы толығымен төленбеген үйді өз борышкерлеріне нақты белгіленген сома бойынша жалға беру құқығына ие болады. Бұл — ипотекасын төлей алмайтын азаматтарға ұсынылатын соңғы мүмкіндік. Мұнда әр борышкердің ипотекасы жеке қаралады, яғни олардың төлеуге міндетті сомасы әртүрлі болуы мүмкін. Осылай белгілі бір уақыттан кейін борышкерлер тек үйдің бағасын ғана төлеп, өз ипотекасын жабады», — дейді Александр Терентьев.

    Оның айтуынша, әлеуметтік жағдайы ипотекалық міндетін орындауға жетіп тұрса да, төлеуден әртүрлі себептермен жалтаруға тырысып жатқан азаматтар да бар. Оларды арнайы құрылған комиссия анықтап, бағдарламадан шеттетеді.

    Айта кетсек, ипотека бойынша борышкерлердің қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы Елбасы үндеуімен 2015 жылдың сәуір айынан өз жұмысын бастады. Бағдарламаға Ұлттық Банк есебінен 300 миллиард теңгеге дейін қаржы жұмсалады.

    Қайта қаржыландыру бағдарламасы ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына дейін жүргізіледі. Ал борышкерлер қайта қаржыландыру өтініштерін екінші деңгейлі банктерге 2018 жылдың 15 желтоқсанына дейін өткізулері тиіс.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.