Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сингапурда Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы аталып өтті
    Жаңалықтар

    Сингапурда Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы аталып өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.04.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Сингапурдағы Қазақстанның елшілігі екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай мерекелік қабылдау шарасын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

    Шараға Сингапур үкіметінің, дипломатиялық корпусының, бизнес-құрылымдарының, мәдени және ғылыми ортаның, БАҚ өкілдерімен бірге аралдағы мемлекетте өмір сүріп жатқан Қазақстанның азаматтары қатысты. Қазақстандағы Сингапурдың елшісі Зулкифли Бахарудин кештің құрметті қонағы болды.

    Өз сөзінде Сингапурдағы Қазақстанның елшісі Үсен Сүлеймен екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың іргетасын қос мемлекеттің көшбасшылары — Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сингапурдың бірінші Премьер-Министрі Ли Куан Ю қалағанын атап өтті.

    113

    114

    Қазақстандық дипломаттың айтуынша, екі мемлекет барлық бағыт бойынша, атап айтқанда қытайлық «Бір белдеу — бір жол» бастамасы аясында екіжақты қарым-қатынасты бекемдеуде зор әлеуетке ие.

    Өз кезегінде Қазақстандағы Сингапурдың елшісі Зулкифли Бахарудин Қазақстан қазіргі таңда Сингапурдың Орталық Азиядағы ең ірі сауда-экономикалық серіктесі болып отырғанын, 2017 жылы екіжақты тауар айналымы 100 млн АҚШ долларынан асқанын атап өтті.

    Оның айтуынша, екі елдің арасында авиахабарламаның тезірек жолға қойылуы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуда қосымша серпін болмақ. Сонымен бірге бұл қадам Сингапурдан Қазақстанға баратын туристердің санын арттып, екі халықтың достығын нығайтуға үлес қосары сөзсіз.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.