Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте республикалық Қызғалдақ фестивалі өтті
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте республикалық Қызғалдақ фестивалі өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.04.2018Updated:24.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы». Түлкібас ауданында республикалық Қызғалдақ фестивалі өтті.

    6Елбасы мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында қолға алынған шара, барша адамзат баласын табиғатты аялауға шақырды. Шұбайқызыл шоқысына жиылған халық табиғи парктер шеруі мен суретшілер көрмесін тамашалауға да мүмкіндік алды.

    5555Сондай-ақ,  аталған төбеге бұл күні  «Қызғалдақ» белгісі орнатылды.

    10

    20180424_110158

    Жалпы еліміздің жазық және далалық аймақтарында қызғалдақ гүлінің 30-дан аса түрі кездеседі.

    20180424_110309

    Олардың өте сирек, әрі жойылып кету алдында тұрған 13-ке тарта түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «қызыл кітабына» енген.

    11

    Мезгілдің көктемі жеткенде небәрі 10-15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар, жылда «Шұбайқызыл» шоқысын қызыл кілемге орағандай кейіпке енеді.

    20180424_110247

    Негізінен аталған төбеде грейг тұқымдасы ең көп тараған. Әрине, қызғалдақтың бұл түрі де аса қорғауды талап етеді. Себебі, соңғы жылдары гүлді дала ауыл аймақтың жайылым жеріне айналып, өсімдіктердің қатары кеми түскен. Дегенмен, жергілікті билік пен табиғат жанашырларының демеуімен дер кезінде қызғалдақты қорғап қалу шаралары қолға алынды. Фестивальдің ашылу салтанатына келген облыс әкімі Жансейіт Түймебаевта Ақсу-Жабағылы мен Шұбайқызыл төбесі қызғалдақ гүлінің әсем мекені екенін атап өтті.

    17

    Республикалық фестивальге облыс мәслихатының депутаттары, зиялы қауым өкілдері, туризм саласының өкілдері мен шетелдік қонақтар, қылқалам шеберлері, суретшілер және жастар, жергілікті тұрғындар да белсене атсалысты.

    20180424_110004

    20180424_110032

    Жалпы іс-шараға бес мыңға жуық адам қамтылды. Олардың қатарында жасы жетпісті алқымдаған ақ жаулықты аналар да бар. Табиғатты аялау, туған жерді қадірлеу барша адамзаттың міндеті деп білетін әжей жастарды тазалыққа үндеді. Шарада «Шұрайлым-Шұбайқызылым» атты жас қаламгерлер байқауының жеңімпаздары анықталып, өңір басшысы үздіктерді  арнайы марпаттады.

    111

    Сондай-ақ, келуші көрермендер үшін сахналық қойылымдар мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, қылқалам шеберлері қызыл кілемге оранған әсем табиғаттың бейнесін аша түсті.

    12

    13

    Айта кетейік, негізі тарихта бұл жер «Красная горка» деп аталған. Кейінірек халық аймақты  «Қызыл төбешік» десе, бүгінде қызғалдақтардың мекені «Шұбайқызыл шоқысы» деген атауға қайта ие болды. Фестиваль аясында, әсемдік символы ретінде аталған төбеге «Қызғалдақ» белгісі орнатылды.

    20180424_110136

    Негізінен Оңтүстік жерінде қызғалдақ гүлі Түлкібастан бөлек, Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек өңірлеріндегі таулы аймақтарда кездеседі. Соңғы кездері, тамаша табиғаттың көрінісіне тамсанып кететін шетелдік қонақтардың да қатары арта түскен. Мәселен, өткен жылдың өзінде өңірімізге 270-мыңнан аса турист келіпті. Олар түстік өңірдің табиғатынан бөлек, тарихи, мәдени мекендеріне қызығушылық танытқан. Яғни, табиғатты аялау мен туған жерді қастерлеуге шақыратын шаралардың жемісі , өңірдегі туризм саласын дамытуға да серпін беріп отыр.

    Жомарт БЕГІМБЕТ.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.