Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«ТЕАТР КӨКТЕМІ-2018» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
    Жаңалықтар

    «ТЕАТР КӨКТЕМІ-2018» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.04.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ағымдағы жылдың 18-20 сәуір аралығында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында сахна саңлағы, режиссер, актер Х.Шаженовтың  110 жылдығы және ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Райымбек Сейтметовтің 80 жылдығына арналған   «Театр көктемі – 2018» облыстық театр фестивалі өтті.
    Аталған фестивальге Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультетінің деканы, Өнертану ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық театрлар ассоциациясының мүшесі (IATC), қазылар алқасының төрайымы — Нұрпейіс Бахыт Кәкиқызы, театртанушы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, Өнертану ғылымдарының кандидаты, Халықаралық театрлар ассоциациясының мүшесі (IATC) – Еркебай Анар Саимжанқызы, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, Халықаралық театрлар фестивалінің лауреаты, режиссер – Ақүрпеков Мәлік Дүйсебекұлы, театртанушы, Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушысы, Өнертану магистры, «Еңлікгүл-2016» сыйлығының «Жылдың театртанушылық мақаласы» номинациясының иегері – Қадыралиева Айзат Оңғаралықызы, Оңтүстік Қазақстан облысық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы — Шарафиева Ғалия Аликенқызы қазылық етті.

    fb_img_1524405100566
    Фестивальге облыстағы 8 кәсіби театр қатысып, қазылар алқасының шешімімен үздік деп табылған қатысушыларға төмендегідей жүлделер тағайындалды.
    Бас жүлде  — М.Әуезовтың «Қарагөз» қойылымын сахналағаны үшін Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры марапатталды (1 млн. теңге);
    I орын  — М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» қойылымын сахналағаны үшін Облыстық әзіл-сықақ және сатира театры марапатталды (500 мың теңге);
    II орын —  С.Досановтың «Қасқыр ұлыған түн» қойылымын сахналағаны үшін Облыстық өзбек драма театры марапатталды (300 мың теңге);
    III орын — М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы сахналағаны үшін Облыстық опера және балет театры марапатталды (200 мың теңге).

    1z1a9301

    Үздік номинациялар:
    — Халел Шаженов атындағы жүлде —  Облыстық орыс драма театры сахналаған М.Каримнің «В ночь лунного затмения» қойылымы үшін Әскер Құлданов марапатталды (150 мың теңге);
    — Райымбек Сейтметов атындағы жүлде —   Р.Сейтметовтың «Қалың елім қазағым» поэтикалық драмасындағы қарт Абай ролі үшін Қанат Садықбеков марапатталды (150 мың теңге);
    — «Өзекті тақырыпты қозғағаны үшін» номинациясымен К.Жұмабековтың «Адасқандар» қойылымы үшін Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры марапатталды (150 мың теңге);
    — «Актерлік ансамбльдік тұтастық»  номинациясымен А.Малюченконың «Птица счастья» қойылымы үшін Облыстық қуыршақ театры марапатталды (150 мың теңге);
    —  «Үздік сценограф» номинациясымен  С.Досановтың «Қасқыр ұлыған түн» қойылымы үшін Облыстық өзбек драма театрының  қоюшы-суретшісі Саидсултан Джахангиров марапатталды (30 мың теңге);
    — «Үздік ер адам ролі» номинациясымен М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» қойылымындағы Көтібар ролі үшін Облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының артисі Ғалымжан Қаппаров марапатталды (30 мың теңге);
    — «Екінші пландағы үздік ер ролі» номинациясымен М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсындағы Серік ролі үшін Облыстық опера және балет театрының артисі Қайрат Құлыншақов марапатталды (30 мың теңге);
    — «Екінші пландағы үздік әйел ролі» номинациясымен А.Малюченконың «Птица счастья» қойылымында жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін Облыстық қуыршақ театрының артисі Людмила Лушина марапатталды  (30 мың теңге);
    — «Екінші пландағы үздік әйел ролі» номинациясымен М.Каримнің «В ночь лунного затмения» қойылымындағы Шафак ролі үшін Облыстық орыс драма театрының артисі  Ольга Иванова марапатталды (30 мың теңге);
    — «Үміт» номинациясымен М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсындағы Біржан ролі үшін Облыстық опера және балет театрының солисті Мәдіхан Дүйсеев марапатталды (30 мың теңге);
    — «Көрермен көзайымы»  номинациясымен К.Жұмабековтың «Адасқандар» қойылымындағы Әке ролі үшін Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының артисі Арман Өтебеков марапатталды (30 мың теңге).1z1a9268

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.