Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Судьяларға қойылатын талаптар 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді
    Жаңалықтар

    Судьяларға қойылатын талаптар 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аудандық, қалалық судьяларға қойылатын жаңа нормативтік талаптар күшіне енеді. Бұл туралы бүгін еліміздің жоғары сот органының кезекті отырысында Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов айтты.

    Оның айтуынша, жыл сайын аудандық, қалалық судьялар миллионнан астам қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істі қарайды. Әрбір іс бойынша тиісті шешім, үкім, қаулы қабылданады. Мысалы 2017 жылы аудандық, қалалық судьялар 1 млн 200 мың іс қарап, соншама шешім, үкім, қаулы қабылданған.

    «Ал енді көп жағдайда осындай шешімдермен, үкімдермен көбісі келіспей жатады. Өздерінің наразылықтарын Жоғарғы сот сатыларына білдіреді. Әрине, оның бірнеше себебі бар. Басты себептің бірі – сот шешімдерін, үкімдерін түсінбеу. Біз осы жөнінде бір ай бұрын үлкен талқылау жүргіздік. Азаматтық істер бойынша қабылданған сот шешімдері қандай болуы керек? Сол жөнінде бірнеше нормативтік талаптар туралы қаулы қабылдадық», – деді Жақып Асанов.

    Мысалы, оның сөзіне қарағанда, сот шешімі мазмұны бойынша оңай, жеңіл, түсінікті тілмен жазылсын деп шешім қабылданған. Арыз иесінің әр уәжін нөмірлеп, сот шешімінде оларға жауап беру де міндеттелген.

    «Сонымен қатар біздің заң терминдеріміз көп. Неше түрлі кәсіби терминдер бар. Оны қарапайым адам түсіне бермейді. Бірақ оны сот шешімінде пайдалануға міндеттіміз. Бірақ, оны пайдалану барысында қарапайым тілге аудару талап етіледі», – деді ол.

    Жоғарғы сот төрағасының айтуынша, азаматтық істер бойынша судья шешімінің нақты құрылымы да болуы керек.

    «Қарап отырсақ, шешімдердің көлемі үлкен. Бірақ керек нәрсені оның ішінен табу көп жағдайда мүмкін емес, өте қиын. Сондықтан біз қандай шешім қабылдадық? Біз әрбір шешімнің логикалық құрылымы болуы тиіс деп талап қойдық. Шешімдерде абзац, интервал жоқ, көп жағдайда кішкентай шрифтпен жазылады. Оны адамдар түсінбейді, оқи алмайды, көзі ауырады. Сондықтан біз техникалық талапты да қойдық. Бұл нормативтік талаптар 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді», – деп атап өтті Жақып Асанов.

    Осы ретте ол нормативтік талаптарды енгізу мерзімінің неліктен 4,5 айға шегеріліп отырғандығын түсіндіріп өтті.

    «Осы уақытта бізге аудандық, қалалық судьяларды түсіндіру әдістемелеріне, шешімді қалай жазу, қалай сөйлеу керектігіне, шешендікке үйретуіміз керек», – деді Жоғарғы сот төрағасы.

    Дереккөз: baribar.kz.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.