Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сот шешімі адамға түсінікті тілде жазылуы тиіс – Жақып Асанов
    Жаңалықтар

    Сот шешімі адамға түсінікті тілде жазылуы тиіс – Жақып Асанов

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.04.2018Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жыл сайын аудандық, қалалық судьялар 1 миллионнан астам істерді қарайды.

    Сот шешімі адамға түсінікті тілде жазылуы тиіс екендігі жөнінде Жоғарғы соттың пленарлық отырысында ҚР Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды bnews.kz.

    «Жыл сайын аудандық, қалалық судьялар 1 миллионнан астам істерді қарайды. Қылмыстық істер, азаматтық істер, әкімшілік істер. Әрбір іс бойынша тиісті шешім, тиісті үкім, тиісті қаулы қабылданады. Мысалы, 2017 жылы аудандық, қалалық судьялар 1 млн 200 мың іс қарап, соншама шешім, үкім, қаулы қабылдады. Ал көп жағдайда осындай шешімдер және үкімдермен көп адам келіспей, наразылықтарын білдіреді. Оның, әрине, бірнеше себептері бар. Оның негізгі себебінің бірі – сот шешімдері мен үкімдерін түсінбеулері. Біз осы жөнінде бір ай бұрын үлкен талқылау жүргіздік. Азаматтық істер бойынша сот шешімі қабылданады. Сол сот шешімдері қандай болуы керек, сол жөнінде бірнеше талап қойдық, нормативтік қаулы қабылданған. Мысалы, мазмұны бойынша соттың шешімі оңай, жеңіл, көпшілікке түсінікті тілмен жазылсын деп шешім қабылдадық», — деді Жоғарғы сот төрағасы.

    Сондай-ақ, ол көптеген сот актілерінде қажет емес, артық ақпарат өте көп болатынын атап өтті.

    «Билік адамға сыйластықпен қарайтынын көрсету керек. Сондықтан үкім қарапайым адам үшін ашық, түсінікті, қолжетімді болуы тиіс. Тәжірибе көрсеткендей, көптеген сот актілерінде қажет емес, артық ақпарат өте көп болады. Олар сәйкесінше сот үкімі мәтінін  дұрыс әрі нақты түсінуге кедергісін келтіреді. Сосын арыз иесінің әр уәжіне нөмірлеп тұрып сот шешімінде соларға жауап беруіміз міндетті деп шештік. Сонымен қатар, біздің заң терминдеріміз көп. Оны қарапайым адам түсіне бермейді. Оны біз сот шешімдерінде пайдалануға міндеттіміз. Біз оны пайдаланғанда қарапайым тілге аударуды талап еттік», — деп сөзін жалғады Жақып Асанов.

    Сонымен қатар, Асановтың айтуынша, әрбір үкім мен қаулының логикалық және техникалық тұрғыдан түсінікті болуы қамтамасыз етілуі тиіс.

    «Сол себепті біз мынандай талап қойдық. Әрбір шешімнің логикалық құрылымы болуы тиіс. Сосын техникалық тұрғыдан ешқандай талап жоқ. Сол себепті шешімдерде не абзац, не интервал жоқ, көбіне майда әріппен жазылады, адамдар оны түсінбейді, оқи алмайды, адамның көзі ауырады. Сондықтан, техникалық талап та қаулыда қарастырылды. Бұл азаматтық істер бойынша. Ол 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Оған дейін төрт жарым ай бар. Осы уақыт ішінде біз аудандық, қалалық судьяларды осыған үйрету керекпіз. Қалай жазу керек, қалай сөйлеу керек, риторикаға. Мұның барлығын біз жоғарғы оқу орнында үйренбегенбіз, ал бұл бізге қажет нәрселер.  Қылмыстық істер бойынша үкім қабылданады, әкімшілік істер бойынша қаулы қабылданады. Ал үкім мен қаулылар бойынша ұқсас проблемалар өте көп. Бүгін біз осыған қатысты талқылау жүргізіп, жан-жақты қараймыз, пікірлер тыңдалып, тиісті нормативтік қаулы қабылданады», — деді Жақып Асанов.

    Жақып Асанов әр судья шешендік өнер тәсілдеріне мән бергені дұрыс екенін атап өтті.

    «Судья қарапайым адамдар тілінде жазуды үйренуі тиіс. Біз өзіміздің күрделі, кәсіби тілімізді процеске қатысушылар тіліне бейімдей білуіміз керек. Көптеген елдерде, тіпті түсінікті тілде жазу туралы заң жобалары қабылданған. Мысалы, 60-жылдары Ұлыбританияда шенеуніктердің түсінікті тілде сөйлеуін талап ететін арнайы қауымдастықтар да құрылған болатын», — деді ҚР Жоғарғы сот төрағасы.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.