Бүгін Шымкентте Қазақстанға танымал UStudy.kz онлайн тестілеу орталығының алғашқы бөлімшесі ашылды. Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне қала əкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты. Талапкерлердің білім деңгейін тексеретін орталықта 5-ші және 11-ші сынып аралығындағы оқу бағдарламасы бойынша 11 пәннен 2 тілде 9000 — нан астам тест сұрақтары жинақталған. Сонымен қатар, 2 тілде негізгі және қиын тақырыптар мен пәндер бойынша 300 — ден астам оқу курстары бар. Тесттер мен оқу курстарын еліміздің жетекші ұстаздары құрастырған.
Аталған орталық мектеп оқушыларын ҰБТ-ға дайындалуға жəне сəтті тапсыруға көмектеседі. Оқушылар мұнда сынақ тапсырып, өзінің қателіктерін көріп, видео сабақтар оқуына болады. Тіпті жазғы мектептерге қатысып, тестілеуден ең жоғарғы балл жинауына мүмкіндік бар.
40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ
Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....










